Жануарларды тасымалдау ерекшеліктері | Скачать Реферат
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І БӨЛІМ. ЖАНУАРЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ТӘСІЛДЕРІ
1.1.Жануарларды тасымалдау ерекшеліктері
1.2. Малды автокөлікпен тасымалдау
1.3. Малды теміржолмен тасымалдау
1.4. Малды су қатынасы арқылы тасымалдау
1.5 Малды айдау арқылы жеткізу
1.6 Тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Tасымалдау — кез-келген тасымалдау құралдарын (авто, темiр жол, айдау, су) пайдалану арқылы бiр пункттен екiншiсiне орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң орнын ауыстырумен байланысты рәсiмдер кешенi.
Ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары (мал айдау трассалары) тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келiсiм бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарымен анықтайды.
Тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне ветеринариялық құжаттар беру қағидаларына сәйкес берiлген ветеринариялық құжаттармен қоса жүредi.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi ветеринариялық құжаттарсыз тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол берiлмейдi.
I БӨЛІМ. ЖАНУАРЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ТӘСІЛДЕРІ
1.1. Жануарларды тасымалдау ерекшеліктері
Жануарларды (құстарды, терісі бағалы аңдарды, хайуанаттар паркінің жануарларын, балықтар мен араларды қоса алғанда) тасымалдау мамандандырылған автокөлік құралдарымен, ал олар болмаған немесе жетіспеген кезде арнайы жабдықталған ернеулі автокөлік құралдармен жүзеге асырылады.
Жануарлар мен құстарды өзі аударғыш шанақтары бар автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Автокөлік құралдарын жабдықтауға ірі қара малды және жылқыларды тасымалдау үшін ернеулерді шанақтың еденінен — 2 м дейін және қойларды, ешкілерді және шошқаларды тасымалдау үшін 1,5 м дейін биіктікті өсіру және көлденең және тігінен қырлы жуан ағаштарды орнатуды қамтиды.
Жануарларды тасымалдау үшін қажетті жабдық пен құрал-жабдықтарды жүк жөнелтуші береді және автокөлік құралына орнатады.
Автокөлік құралының шанағында алып жүрушінің болуы қажет кезде, жүк жөнелтуші жануарлардан қоршалған арнайы орын (ірі жануарларды тасымалдау кезінде — шанақтың алдыңғы жағында) жабдықтайды.
Жануарларды қолайсыз ауа-райы жағдайларында (қатты ыстық, күзгі және қысқы мезгіл) тасымалдау кезінде, оларды қорғау үшін жүк жөнелтушінің талап етуі бойынша автокөлік құралының шанағы жабық болуы тиіс жағдайларда, кенепті — тасымалдаушы, ал басқа қажетті материалдарды жүк жөнелтуші береді.
Автокөлік құралы шанағының едені жарамды болуы тиіс, шанақта жануарларды жарақаттауы мүмкін бұрандардың, шегелердің және басқа заттардың шығып тұрған ұштары болмауы тиіс.
Малды тасымалдау кезінде шанақтың еденіне сабаннан, қалыңдығы жануарлардың зәрін сіңіріп алуды қамтамасыз ететін төсеме салынады. Жол үстінде шанақтан төсемені лақтыруға рұқсат етілмейді.
Ұсақ жануарлар мен құстарды тасымалдау өткізбейтін түбі бар торлармен жүргізіледі. Жүк жөнелтуші торларды автокөлік құралдарының шанағында, ауаның әрбір торда еркін айналуын қамтамасыз ететіндей етіп орналастырады. Ұсақ жануарлар мен құстар бар торлар тиелгеннен кейін жүк жөнелтуші оны мықтап бекітеді.
Терісі бағалы аңдар, олардың түріне байланысты тасымалдауға металл торлы есігі бар металл немесе берік ағаш торлармен беріледі. Торлардың есіктерінде өз бетімен ашылу мүмкіндігін болдырмайтын берік тиектері болады және құлыптармен жабылады.
Автокөлік құралдарының қозғалысы оқыс жұлқусыз әрі аялдаусыз, жолдардың дөңес жерлері алдында қозғалыс жылдамдығы азайтылып, тасымалдау барысында жануарлардың орнықтылығын қамтамасыз ететін жылдамдықпен жүзеге асырылады.
Қозғалыстың әрбір сағатынан кейін автокөлік құралдарын 15-20 минутқа аялдатқан дұрыс.
Жолда жануарлар қысқы кезеңде кемінде бір рет, жазғы кезеңде кемінде екі рет суарылады.
Егер жануарларды автомобиль көлігімен тасымалдау ұзақтығы 12 сағаттан аз болса, онда бұл жағдайда, жолда қоректендіру жүргізілмеуі мүмкін.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушы жолда жануарлардың аурудан, оларды автокөлік құралдарында дұрыс орналастырмаудан және бекітуден, сондай-ақ ауа температурасының жеке жануарлар мен құстарды тасымалдау шарттарына сәйкес келмеуі салдарынан болған шетінеуге байланысты шығыстарды өтемейді.
Жануарларды тиеуге таза және дезинфекция жасалған автокөлік құралдары беріледі. Жануарларды тасымалдауға арналған автокөлік құралдарының жарамдылығын және санитарлық өңдеудің сапасын мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдары бақылайды. Барлық жануарларды тиеу алдында және тиеу кезінде, олар өздеріне тиесілі шаруашылықтың (базаның, ұйымның) ветеринарлық дәрігері және мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың ветеринарлық инспекторы тексереді.
Жүк жөнелтуші түрі, жынысы және жасы бойынша біртекті жануарлар мен құстардың бір автокөлік құралға тиелуін жүргізеді. Бір автокөлік құралына түрі, жынысы және жасы әртүрлі жануарларды бөлек тиеу мүмкін емес кезде, оларды бір-бірінен сенімді қоршаулармен бөлу шартымен тасымалдауға рұқсат етіледі.
Жүк жөнелтуші тиеу кезінде ірі жануарларды (жылқыларды, сиырларды, өгіздерді және басқаларды) автокөлік құралдарында басымен кабинаға қарай орналастырады және берік байлайды.
Ірі қара малдың, шошқалардың, қойлардың, ешкілердің және басқа ұсақ жануарлардың төлін байлаусыз, бірақ барлық жануарлар автокөлік құралының шанағында жата алатындай етіп тасымалдауға рұқсат етіледі. Ауру жануарлар тасымалданбайды. Жылқылар тағасыз тасымалданады.
1.2 Малды автокөлікпен тасымалдау
Бұл өте тиімді және экономикалық жағынанда арзандау тәсіл болып табылады, әсіресе жол қашықтығы 300 шақырым болатын шамаларда. Малды тасу үшін көбіне жүкті автокөліктерді қолданады. Оған салмағы 60-105 кг шошқаның 23-32 бас, салмағы 106-200 кг-14-22 бас ірі қара мал және жылқыдан 4-5 бас сыйады. Бұдан басқа, әдейі шығарылған мал таситын автокөлік бар, олар ірі қара малдың 10-15 басын жайғастыруға есептелген. Шанағында әдейі жасалған табиғаттық сорғыш желдеткіші, екі есік, сатыланған мал жүргізгішпен, жарық шамы және қи жинағыш, биіктігі 1 м көлденең бөлгіш бар.
Малды тасуға химиялық заттарды, улы және өте жаман иісті заттарды тасыған машиналарды қолдануға болмайды. Шанаққа малдың бір түрін, бір жынысты және бірдей жастағыларын артады. Мұндай жағдай болмайтын болса, онда малдарды бірімен-бірін көлденең тақтаймен бөледі. Бір шанақта сиыр мен өгізді, ересек мал мен жас малды артуға да болады. Жылқыны да ірі қара мал сияқты тасиды, дегенмен жылқының тағасын алып тастау керек.
Шошқаларды машинаға артқанда, олар жата алатындай жағдайды еске алынады. Мегежін мен кестірілген қабанды және ересек шошқа мен жақсы дамыған жас шошқаны бірге қосып тасуға болады. Бекондық бағыттағы шошқа тұқымын тасығанда өте сақтық жөн, өйткені терісіне жара салмау керек. Осы себептен Данияда арту-түсіру тиегіпіі бар әдейі автокөлік жасалған және олар үшін жүген істелген, ондағы мақсат бірін-біріне тістетпеу, жараландырмау.
Қой мен ешкіні жүк автокөлікпен жеке, ия болмаса тіркеме тіркеп тасиды. Шанаққа артқанда, қой-ешкі жата алатындай жағдай жасау керек. Егерде малды автоколона түрде тасыса, онда 2-3 жүк машинаға бір жолсерік тағайындалады. Асфальт жолмен жүргенде машинаның жылдамдығы 60 км. Ұсақ тас төселген жолмен 45 және топырақ жолмен 25-30 кмсағ, болу керек. Малдарды жақын жерден тасығанда, яғни жолсапары 6 сағаттан кем болса, оларды азықтандырмайды және суармайды. Ал жол сапары 6 сағаттан асатын болса, оларды дем алдырып, азықтандырады, суарады.
1.3 Малды теміржолмен тасымалдау
Малды тасу үшін жасалған вагондардың ішінде су беретін науа, үлкен-ірі малдарды байлайтын шынжыр т.б. саймандар болады. Вагондар бір ярусты (ірі қара мал және жылқы) екі және үш ярусты (ұсақ мал және құстар) болады. Вагондарға малды артар алдында, оңдап тазалайды және ыстық (60-70 градус) сумен жуады. Стансаға әкелінген малдарды темір жол қызметкерлерінің малдәрігері тағыда қарайды. Ол малға берілген құжаттармен танысады, малдәрігерлік куәлікте көрсетілген мал басын әкелінген малдың санымен салыстырады. Мал басы қабысса және ауру мал байқалмаса, өлген мал болмаса, барлық малды түсіретін орынға жібереді.
Малды түсіріп-артатын жерге, оларды күннің жарығында, артуға 2 сағат қалғанда әкелінеді. Малдарды қоршауға жайғастырып дем алдырады, 2 сағаттан кейін мал дәрігері қарайды. Ауру, ауруға бейімделген және арық малды вагонға артуға рұқсат берілмейді. Тасу құжаттары болмаса, онда малдар артуға жалпы жіберілмейді.
Малды 2- білікті вагонға мынадай есеп бойынша артады: ірі қара мал-ересек-8-12, жас мал 12-14, тірілей салмағы 120 кг бұзаулар 18-20, қой және ешкі 40-50 бас. Салмағы 30-60 кг шошқа 30-40, 60-80 кг 25-30, 80-100кг — 22-25, 100-150кг 14-24, 150 кг жоғары 10-14 бас. Жылқылар саны 8 ден аспауы керек. Төрт білікті вагонға артылғанда, жоғары көрсетілген сандар 2 есе көбейеді.
Ірі қараны вагондарға екі тәсілмен жайғастырады: ұзыннан және көлденеңінен. Ұзындығынан жайғастырғанда — малды екі қатарға қойып, бастарын екі есік арасындағы алаңшаға қаратады. Алаңша жүретін жол болып есептелінеді. Көлденең жайғастырғанда малдың басы ұзын қабырғаға қарап тұрады. Қай тәсілмен жайғастырылса да, малдар біртіндеп жатып дем алуын ескерген жөн. Ұзындығынан жайғастыру малдың шайқалысын азайтып, олардың жараланбауын қамтамасыз етеді және де азықтандыру, суару, қарау жұмыстарын жеңілдетеді. Малдар жаңа жағдайға тез үйреніп жерсінеді, азықты жақсы жеп, … жалғасы