«Жақында ақ-қарасын дәлелдейміз» — Тұрсынбектің жары
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова қызын және отбасын халық жауы етіп көрсетіп жатқандарға ренішін білдірді.
Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
— Бала дегенде әрбір әке мен шешенің шығар жаны бөлек. Дәл қазір біздің отбасымызға жасалып жатқан ақпараттық шабуылға біз үнсіз қалып отырған жоқпыз. Біз іске көштік. Жақында ақ-қарасын дәлелмен ажыратып, халық алдында есеп береміз. Тек уақыт керек.
Өмірде жалған жала арқалағаннан асқан сорақылық жоқ екен. Дәл қазір менің ана жүрегім қарс айырылып жүр. Өзіміздің қазақ бауырларымыздың бізді “халық жауы” етіп көрсетуге сонша талпынып жатқаны күйіндіреді. Ашық тұрған жарамызға тұз сеуіп, бізбен қоса баламызды ащы сөз, жалған ақпаратпен тұншықтырып жатқан әлеуметтік желі белсенділеріне налимын.
“Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос” — деп Абай бабамыз келтірген жолдар қай кезде де өзекті. Қазақты жығып беретін, жығылған кезде жұдырық беретін де өз қазағымыз… өте өкінішті! Халық алдында ұпай жинау үшін, охват пен лайк санын көтеру үшін теріс ақпарат таратқан, жеке бастың құқығын таптаған, бойжеткенге тіл тигізген әр блогер, жазушы, желі белсендісі Заң алдында жауапсыз қалмайды. Өмірге өкпелі адамдар өзгелерді сөккісі келеді де отырады…
Алла олардың балаларына жар болсын! Руханиятқа бет бұрып, өмірден “мән” іздегендер өзгенің баласына ауыр сөз айтпас еді — деді Мөлдір Мұқанова.