«Аурухана мен мәйітханаларға бардық»: Тараз маңындағы жарылыс кезінде жоғалып кеткен жас жігітті туыстары іздестіріп жатыр
Тараз түбіндегі жарылыстар кезінде өрт сөндіруші ретінде келген азамат жоғалып кетті. Теміртау мен Қарағандыдан жас жігітті туыстары іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «Вечерняя Караганда» Телеграм каналы.
Әділет Әділбеков 1995 жылы туған. Отбасында жалғыз ұл, одан бөлек үш туған әпкесі бар.
AIBAT ақпарат агенттігінің мәліметінше, Әділет кезекшілікке шығып, Жамбыл облысындағы әскер бөлімшеге бет алған.Телефонын жұмыс орнында қалдырып кеткен.
Соңғы рет туыстары онымен 26 тамызда ТЖ-ға дейін сөйлескен.
“Ешқандай хабар жоқ. Мәйітхана, аурухана, мемлекеттік мекемелерге барып шықтық. Қайда кеткенн таппай жатырмыз. Ешқандай тізімде жоқ», — дейді Бағдат Бузаубекова.
Мәліметтер бойынша, ТЖ кезінде Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери қоймаларда 12 адам қаза тауып, 98 адам зардап шеккен. Тағы бірнеше адам байланысқа шықпаған. Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жалғасуда.
Еске салсақ, Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 100-ге жуықтағы. Апаттың себебінен 12 адам көз жұмды.