Қалыңдықпен билегісі келген қонақты атып тастады – видео

0

Ресейдегі Қарашай-Шеркес республикасында үйлену тойының мейманын атып тастады, деп жазады «112» Telegram-арнасы.

Қалыңдықпен бірнеше ер адам би билегісі келген. Олардың арасында жанжал басталып, соңы оқ атумен аяқталды.

Кеуде тұсына оқ тиген ер адам ауруханаға жеткізілді. Ол есін жимастан жан тапсырған.

Күдіктілер — 31 жастағы Аслан Утагонов пен 32 жастағы Самвел Киракосян. Болған жағдайдан кейін олар ақ Porsche Cayenne көлігімен ізін суытқан.

Біреуі ұсталды, екінші күдікті іздестіріліп жатыр.