Жігер Ауыпбаев Tik-tok-ты жарған әнші баланы шәкірт етіп алмақ (видео)
Жігер Ауыпбаев ертең қой бағатын әнші бала — Алматы облысы Кеген ауданы Бөлексаз ауылында тұратын 9-сынып оқушысы Кәден Айдоспен кездеспек, деп хабарлайды ЭК.
Өзінің айтуынша, Кәден Айдос бірінші сыныптан бастап ән айта бастаған.
Өзіме ұнайтын әндерді айтамын. Tik-tok-тағы видеолар бір апта бұрын түсірілді. Көршімнің үйіне барып, ән айттым. Содан тарап кетті. Мектеп бітірген соң Жүргенов атындағы өнер академиясына түссем деген ойым бар. Болашақта әнші болғым келеді,
Баланың әкесі қойшы екен. Сабақтан бос уақытта Кәден оған көмектеседі. Қой қайырып жүріп, кең далада зор даусымен ән айтады.
Жақында Кәден Айдосқа Жігер Ауыпбаев хабарласыпты.
Екі-үш күннен бері телефонмен хабарласып жүрміз. Ертең кездесеміз. Шәкірт етіп аламын деп уәде берді. Басқа әншілер де хабарласып жатыр. Олардың ішінде Қажымұрат Шешенқұл, Ұшқын Жамалбек бар,
Сондай ол әнші ағасы келіп: «Қойыңды таста, Алматыға кетеміз» десе, жолға шығуға тас-түйін дайын екенін де айтты.