Құда мен құдағиды көптің көзінше көрпеге орағандар елді шулатты (видео) — новости Казахстана

0

Қаумалаған адамдар ортасында құдасы мен құдағиын көрпеге орап, «сүйістірген» қазақтар жұрттың қызу талқысына түсті. kazakh.toy парақшасында жарияланған құдалықтың «қоржын ашу» дәстүрі көпшіліктің назарынан тыс қалмаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Желіге таралған видеодан бір топ әйелдің құда мен құдағиды жерге жатқызып, көрпеге орағанын көруге болады.

Көпшіліктің пікіріне қарағанда, бұл жоралғы «Құда мен құдағи бір жастықта қартайсын» деген мақсатпен жасалатын көрінеді.

Алайда оқырмандар арасынан салт-дәстүрдің бұл түрін қолдағандар да, теріс пікір жазғандар да табылды.

«Оңтүстік пен Батыста бұл салт бар», «Қазақта құдалар келгенде «Қоржын ашу» деген салт орындалады», «Қанша жерден көріп жүрміз. Құда-құдағиды бірге қартайсын деп жасайтын ырым ғой»;

«Мынау тым ерсі көрінеді екен», «Осы ырымды істемесе болмайды ма?», «Осы біздің қазақтар-ақ жоқ нәрсені ойлап тауып жүреді», — деп түрлі пікір қалдырды желі қолданушылары.

Айта кетейік, видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз.