​Ғалымдар жараның тез жазылуына мүмкіндік беретін дәкені ойлап тапты

0

​Ғалымдар жараның тез жазылуына мүмкіндік беретін дәкені ойлап тапты


Жаңа әдіс науқастың іс-қимылы кезіндегі энергиясын пайдалануға негізделген.

Висконсин-Мэдисон университетінің қызметкерлері жараның тез жазылуына мүмкіндік беретін дәкені ойлап тауып, өз зерттеулерін кеміргіштерге жүргізді. Тышқандарды назарға алған зерттеулерге сәйкес, бұл дәке жараны үш күнде емдеп жазуға қабілеті жетеді екен. Мұндай жаралар әдетте екі аптада әрең жазылады. Арнайы дәкеден мұндай жақсы нәтижені ғалымдар күтпеген болатын.

Зерттеу жүргізген профессор Ванг қатты таң қалғанын жасырмады. Кеміргіштерде мұндай жараның түрін емдеу оңайға соқпайтыны белгілі еді. Бұл жетістік туралы ақпарат ACS Nano журналында жарияланды.

Ғалымдарға бұрыннан танысы: электр энергиясының терінің бітелуіне пайдалы екендігі. Ал терапевтік нәтижеге қол жеткізу үшін медицина мамандары  қымбат әрі күрделі құралды пайдаланатын. Мұндай әдіске қарағанда, ойлап табылған бұл дәке көп қаржыны да қажет етпейді, есесіне жақсы нәтиже береді. Бұл дәке наногенераторлармен байланысқан электродтардан тұрады.

Адамның кеуде тұсының тыныс алуына байланысты импульстар пайда болады. Олар сау тіндерге зиянын тигізбейтін ішкі электрлік алаңды туғызады, нәтижесі қарқынды терапевтикалық нәтиже береді.

Дереккөзі: orthodox.od.ua