Ауғанстан президенті Ашраф Гани елден кетті

0

Халықаралық ақпарат агенттігіне өз есімін жария еткісі келмеген Ауғанстан үкіметінің шенеунігі президент Ашраф Ганидің Ауғанстаннан шығып кеткенін мәлімдеген, деп хабарлайды ЭК.

Ауғанстандағы ресми тұлғалардың айтуынша, президент Ашраф Гани шұғыл түрде Ауғанстанды тастап шыққан, деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Бұдан бұрын Ауғанстан вице-президенті Амрулла Салех елден кеткен болатын. Білуімізше, ол қазір Тәжікстанды паналап жатыр.

Бұған дейін Ауғанстан билігі бебйіт түрде транзиттік жолмен тәліптер қолына тапсырылуы мүмкін екендігі белгілі болған.