Ұятты суреттерін жібереді: педофилдер темір тордың ар жағынан өз жәбірленушілеріне қауіп төндіруде

0

Қоғам қайраткері әрі белсені Дина Тансари қылмыскерлер темір тордың ар жағына қамалса да өз құрбандарының мазасын алып жүргенін айтты.

Оқиға желісі бойынша, шілде айының соңына қарай алматылық Анар Боранбаеваға WhatsApp желісінде оғаш хабарламалар түсе бастаған. Белгісіз адамдар оған қауіп төндіретін хабарламалар жазып, ұятты суреттерін жіберген.

«Қоғамға ренішті педофилдердің түрмеге тоғытылғаны үшін қалай кек алатынын білесіз бе? Олар камерадағы барлық «достарына» арам пиғылынан аман қалған баланың анасының ұялы нөмірін береді. Өз кезегінде қылмысқа қатысушылар нөмір иесіне жаман сөздер жаза бастайды. Осындай құрбандардың бірі – біздің қорғауымыздағы Анар Боранбаева. 25 шілдеден бастап ол түрмедегі тұтқындардан осындай «бақыт хаттарын» алып келеді. Олардың бірі тіпті өзінің немесе басқа біреудің суретін жіберуден тартынбаған. Және, әрине, көпшілігі, жалғыз мақтаныш ретінде, жыныс мүшелерінің суреттерін жібереді. Алайда неге екені белгісіз бұл азаматтар осындай қылмыстарынан құтылып кетеміз деп ойлайды. Біз КУИС-тен шара қолдануды сұраймыз» — деп жазды Тансари Facebook -те.

Кейінірек Қылмыстық атқару жүйесі комитеті WhatsApp әлеуметтік желісінде тараған мұндай «қауіпті» жазбаларға қатысты толқуға жауап берді.

«Бөлім қызметкерлері жәбірленушімен дереу хабарласты. Тексеру кезінде бұл суреттерді жіберуші қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтемейтіні белгілі болды. Сонымен қатар, суреттер колония қабырғасынан жіберілмеген. Комитет қызметкерлері қылмыскердің жеке басын анықтады. Қазіргі уақытта тиісті шараларды қабылдау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде» ,- деп хабарлады департаменттегілер.

Мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталушылардың заңсыз әрекеттері туралы хабарламалар назардан тыс қалмайды деп түсіндірді КУИС.

«Бүгінде азаматтар WhatsApp мессенджері мен KУИС байланыс орталығындағы сенім телефоны, сондай-ақ өтініштер мен шағымдар қабылданатын төрағаның блогы сияқты кері байланыс құралдарына қол жеткізе алады» ,- деп толықтырды комитет.