«Үңгірдегі» қазақ тілі? Дәурен Абаев орыс тіліне қатысты 90%-ды қайдан алып отыр

0

Қазақстандағы орыс тіліне қатысты пікір білдірген Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев елдегі халықтың 90% орыс тілін біледі деген пікір айтты.

Дәурен мырзаның бұл пікірді қандай әлеуметтік зерттеу, ғынылми негізде айтып отырғаны түсініксіз.

Бұл Тәуелсіз қазақ елінің сағын жат жұрт алдында сындырып, тілді жығып берумен пара-пар екенін Д.Абаев біле ме екен?!

Ендеше Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары айтқан пікірге фактчек жасап көрейік.

Аргументы и факты газетінде 2016 жылғы дерек деп жарияланған зерттеу қорытындысы.

Лента.ру сайтында биыл 26 наурызда жарияланған материалдан үзінді.

Бұл екі деректе де Қазақстандағы орыс тілінің аясын тіпті 50%-ға да жақындатпайды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығында «ел азаматтарының 90 пайызы әлі де орысша білуі және балалардың 30 пайызы орысша оқуы, 23 мыңнан астам орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің болуы» біздің мақтаныш емес, ұят іс ретінде қаралып, мемлекеттік тілді дамытудың шұғыл және кең көлемді бағдарламаларын жасап, жүзеге асыруға талпыуымыз керек еді.

Онымен қоймай Дәурен мырза қазақша сөйлейтіндер мен тіл жанашырларын, мемлекетшіл азаматтарды «үңгірге» сүйреп апарады.