Өрт апатынан кейін Түркияда алапат су тасқыны болды (видео)
Түркияда орман өртінен кейін су тасқыны басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Қатты жауын-шашыннан болған су тасқыны Түркияның Қара теңіз жағалауындағы көпірді қиратып, бірнеше елді мекенді жарықсыз қалдырды.
Су тасқыны Синоп, Бартын, Қарабюк және Кастамону провинцияларына әсер етті. Түркияның солтүстігіндегі Бартын провинциясында көпір құлады. Төтенше жағдай салдарынан 13 адам зардап шегіп, бір адам инфаркттан қайтыс болды. Сонымен қатар, құтқару қызметкерлері жоғалған 80 жастағы әйелді іздестіріп жатыр.
BREAKING — Massive flood strikes Turkey's black sea region. Moment of the floodwater causing destruction captured https://t.co/Ippqn2OeDE pic.twitter.com/1SDVP6URTN
— Insider Paper (@TheInsiderPaper) August 11, 2021
Премьер‐министр жанындағы төтенше жағдайлар және апаттар басқармасы (AFAD) мәліметі бойынша , 12 ауылда электр қуаты үзілген. Сондай-ақ, ғимараттардың бірінші қабаттары су астында қалған.
Floods caused by unusually heavy rainfall struck Turkey's northern coast on Aug. 11, tearing down a bridge and leaving villages without power. https://t.co/8zbDf6lpyz pic.twitter.com/meWJnXy443
— Duvar English (@DuvarEnglish) August 11, 2021
Бартыннан 240 шақырым жерде орналасқан Синоп провинциясында су тасқыны салдарынан бір үй құлады. Провинцияның табиғи апаттан зардап шеккен аудандарында көп үй мен кәсіпорынды су басты. Шенеуніктер бұл аймақтағы мемлекеттік аурухана сақтық шарасы үшін эвакуацияланғанын хабарлады.
Деректерге сәйкес, қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындар су басқан үйлерден үрлемелі қайықтармен көшіріліп жатыр.
https://twitter.com/ChaudharyParvez/status/142565099621504205
Еске салайық, шілденің соңынан бастап Түркияда орман өрттері өршіп тұр. Танымал курорттар 13 провинциядағы орман өрті салдарынан туристік маусымның ортасында от пен түтінге оранды. Кейбір жерлерде жалын тұрғын үйлер мен қонақ үйлерге жақындады, туристер мен жергілікті тұрғындар эвакуацияланды. Кейін террористік ұйым Түркиядағы өрт үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.