Шымкент әкімдігі өз қызметкерлерінің ұсталуы туралы ақпаратты жоққа шығарды

0

Шымкент мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғалары пара беруге әрекеттенгені үшін осы басқарманың бірнеше қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығаратын мәлімдеме таратты.

«Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланған материалдарға сәйкес төмендегіні мәлімдейміз.

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғалары (басшы, басшының орынбасарлары) барлығы жұмыс орнында екенін назарларыңызға жеткіземіз. Сонымен қатар, еңбек демалысында жүрген 3 маманнан басқа қызметкерлер де түгел жұмыс орнында.

Басқармаға құқық қорғау органдары тарапынан ресми хат келіп түскен жоқ» деп хабарлады әкмдіктің ресми инстаграм арнасы.