Талибан қазірдің өзінде Ауғанстан аумағының 65%-ын басқарады
«Талибан» қозғалысы қазір Ауғанстан аумағының 65 % — ын басқарады. Бұл туралы Еуропалық Одақтағы дереккөзге сілтеме жасап Reuters хабарлады.
Дереккөздің хабарлауынша, американдық әскерлердің елден шығарылуына байланысты Ауғанстан үкіметтік күштерінің мүмкіндіктері айтарлықтай әлсіреген.
«Әл — Жазира» телеарнасының хабарлауынша, тәліптер бір аптаға жетпей Ауғанстанның 34 провинциясының 8 — нің астаналарын басып алған. Атап айтқанда, бірінші астана Зарандж қаласы 6 тамызда алынды.
ТАСС хабарлағандай, АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстаннан американдық әскерді шығару туралы шешімге өкінбейтінін айтты, өйткені жергілікті қауіпсіздік күштері өз мемлекеті үшін күресуге тиіс.
«Америка Құрама Штаттары әуе қолдауын көрсету арқылы өз міндеттемелерін орындауды жалғастырады», — деп қосты Ақ үй басшысы. 2020 жылдың 29 ақпанында Америка Құрама Штаттары мен Талибан Ауғанстандағы американдық контингентті қысқартуды көздейтін бейбіт келісімге қол қойды.
Өткен жылдың наурызында АҚШ Ауғанстаннан Қарулы Күштерін шығара бастады. Шілдеде АҚШ барлау қызметі Талибанның Ауғанстанға алты айдан кейін басып кіруі мүмкін екенін хабарлады.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты