«Қазақстанға мерзімі өткен вакцина әкелінуде»: Желі тағы бір даулы хабарлама тарап кетті

0

Танымал Telegram-арналардың бірінде Қазақстанда қолданылатын «Спутник-V» вакцинасының мерзімі өтіп кеткені туралы ақпарат таралуда, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Қазақстанда қолданылатын «Спутник-V» вакцинасы «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС шығарылады. Ұйым өкілдері препараттың пациенттерге мерзімі өтіп жеткізілетіні туралы қауесетті жоққа шығарды.

жалған

“Қарағанды фармацевтикалық кешенінде шығарылған «Спутник V» препаратының әрбір партиясы (I және II компоненті) вакцина өндірушіде (сапасын растау үшін, ресейлік сарапшылардың қатысуымен, іріктелген үлгілер Гамалея ат. Орталыққа жіберіледі) сәйкестікке қатаң тексерістен өтеді. Вакцинаның сапасы мен қауіпсіздігін көпсатылы деңгейлі бақылаудан кейін «Спутник-V» ҚР нарығына жіберіледі. Препарат кемінде -35С температурада сақталатын қоймадан «суық тізбекті» қатаң сақтай отырып, «СК-Фармация»-ның вакцина тасымалдау бойынша арнайы көлігіне тиеледі. Бірыңғай дистрибьютор хабтарына және одан әрі ҚР өңірлеріне жеткізуді «СК-Фармация» жүзеге асырады», – деп хабарлады «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС баспасөз қызметі.

«СК-Фармация» компаниясының өкілдері препаратты өңірлерге жөнелту екпе өндірушіден келіп түскен соң бірден жүзеге асырылатынын атап өтті.

“Вакциналарды сақтау мерзімі шығарылған күннен бастап 6 айды құрайды. Вакциналарды жеткізу өндірістік циклге байланысты. Өндірушіден алынған вакцина дереу өңірлерге жөнелтіледі. Вакциналарды өңірлерге үлестіру қалған мөлшерін, сондай-ақ медициналық мекемелер, вакцинация пункттері деңгейінде сақтау мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылады, – деп хабарлады «СК-Фармация» өкілдері.

Осылайша, препарат вакцинациялау пункттеріне қолдануға жарамды күйде түседі. Сонымен қатар, вакцина алған әрбір қазақстандық ампуланы көрсетуді сұрап, препараттың мерзімі өтіп кетпегеніне көз жеткізуге құқылы.