Алматыдағы блокбекеттер: Министрлік түсініктеме берді

0

Әлеуметтік желіде тарап кеткен «Алматы қаласын айналдыра блокбекеттер қойылып, әскери техникамен қарауылдау басталды» деген жалған ақпаратқа қатысты Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды ЭК.

Желі қолданушылар ақпарат сенімдірек болу үшін әскери техника тасымалданған бейне-роликті пайдаланған, деп жазады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Алматы қаласының сыртында да, ішінде де ешқандай блокбекет жоқ. Бейнероликте көрсетілген материал ешқандай шындыққа жанаспайды.

Бұл 5-ші тамызда болған көрініс. Кадрдегі техникалар Алматыдағы Гвардейск техникалық бекетінде жүргізілген жоспарлы жөндеу-тексеру жұмыстарынан кейін, тұрақты әрекет аймағына апара жатқан әскери машиналар,

— деп мәлімдейді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұндай алыпқашты ақпарат бұған дейін де таратылған. Кейбір азаматтар желіде қызу пікірталас тудыру үшін ескі ақпараттар мен дәйексіз деректерді қолдана отырып, осындай жалған ақпараттармен бөлісуге әуес.

Internet