«Шетелден көлік алып келемін»: Шымкент тұрғынын танысы алдап кетті
Шымкент тұрғыны шетелден көлік әкеліп беремін деп алдаған алаяқтың құрығына түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 3 тамызында Әл-Фараби АПБ-ның 102 нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында танысы Оңтүстік Корея мемлекетінен автокөлік алып келемін деп 400 мың теңге ақшасын алып, қайтармай жүргендігін көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті жердің тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған ер адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.