Ауғанстанда «Талибан» тар киім киген әйелді атып өлтірген

0

Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясының полициясы «Талибан» әскерінің тар киім киіп, сыртқа ер адамсыз шыққан жас әйелді өлтіргенін хабарлады.

Полиция бастығы Зиалухак Туфан 3 тамызда Азаттықтың Ауған қызметіне оқиғаның Самар Кандиан ауылында болғанын жеткізді. Бұл елді мекенді қазір содырлар бақылауда ұстап отыр.

Полицияның ресми өкілі Әділ Шах Әділ 4 тамызда Азади радиосына қаза болған әйелдің аты-жөні Назанин екенін және 21 жаста болғанын айтты.

Әділдің сөзіне қарағанда, әйел Балх астанасы Мазари-Шарифке бару үшін көлікке отырмақ болған, сол кезде шабуылға ұшыраған.

Талибан айыптауды жоққа шығарып, оқиғаны тексеріп жатқанын хабарлады.