11 жастағы баланы немере ағасы зорлаған. Баланың анасы арыздан бас тартты
Өзбекстанның Ферғана облысы құқық қорғау органдары 11 жастағы баланы 48 жастағы немере ағасы зорлаған деген мәліметті тексеріп жатыр.
Алдын баланың анасы жергілікті блогер Ақида Ханумға оның қайнағасы баланы екі жыл бойы зорлап келген деген.
Блогермен сөйлескен әйел мен бала зорлық оқиғалары 2018-2019 жылдары болғанын айтқан.
«Алғаш рет көкем екеуміз оның бақшасын суғарғанда болды. Екіншісі 3-4 айдан соң. Қатты ауырды, бірақ туыстарыма айтуға ұялдым. Кейін әжеме айттым. Бірақ ол ештеңе жасады. Былтыр мамырда анам мені дәрігерге алып барды», — дейді 11 жастағы бала блогерге.
Баланың анасы зорлық оқиғасын білгенін мойындады.
«Баламды зорлағанын біліп, күйеуімнен: «Ағаң осылай жасапты, қалай естімегенсің?» — деп сұрадым. Ол: «Иә, естідім, бірақ мен не істей алам? Туған бауырым ғой. Оны өлтіре алмаймын», — деп жауап берді», — дейді 11 жастағы баланың анасы.
Былтыр мамырда ол баласын дәрігерге алып барған. Зорлық оқиғасын дәрігер, милиция қызметкері білген, бірақ олар ешқандай әрекет жасамаған. Олар баланың ата-анасы арызданбады деген.
Блогердің сұқбаты әлеуметтік желілерде таралған соң, Ферғана облысының құқық қорғау органдары мәліметті тексеруге кіріскен.
Немере інісін зорлады деген күдікке іліккен адам қамауға алынды. Бірақ баланың анасы айтқан сөздерінен бас тартқан.
– Кеше маған Ферғана облысының милициясынан хабарласып, баланың анасы сөзінен бас тартып жатқанын айтты. Туыстары қысым жасаған. Сол себепті әйел айтқандарынан бас тартыпты, — дейді блогер.
11 жастағы баланы зорлау оқиғасы әлеуметтік желілерде де талқыланып жатыр. Қолданушылардың кейбірі баланың ата-анасын да қылмыстық жауапқа тарту керек деп есептейді.