Токио Олимпиадасы: Каратэден Мөлдір Жаңбырбай жартылай финалға шықты
Токио Олимпиадасында қазақстандық Мөлдір Жаңбырбай (55 келі) каратэден жартылай финалға шықты.
Айта кетсек, Мөлдір Жаңбырбай В тобында сынға түседі. Қарсыластары – украиналық Анжелика Терлюга, жапониялық Михо Мияхара, австриялық Беттина Планк және мысырлық Радван Сайед.
Мөлдір Жаңбырбай 1997 жылдың 18 мамырында дүниеге келген.
Ол каратэ-додан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, көпдүркін ҚР чемпионаттарының, спартакиадалардың, халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері.
Қазақстандық спортшы түрлі жас деңгейінде 3 дүркін Азия және 3 дүркін әлем чемпионы, Әлем кубогының иегері.
Ол алғашқы жекпе-жегінде египеттік Радва Сайедпен шеберлік байқасты. Кездесу тартысты өтті. Алғашқы сәттерде қазақстандық спортшының басымдығы байқалып тұрды. Мөлдір Жаңбырбай алғашқы кездесуін сәтті өткізді. Алда әлі үш кездесуі бар.
Радва Сайед 1997 жылдың 30 мамырында дүниеге келген. 2016 жылы әлем чемпионатында қола алса, Африка ойындарында 2015 жылы қола, 2019 жылы күміс жүлдегер болды.