Қазақстандықтар қайтадан вакцина салдыруы мүмкін: Дәрігер айтып берді
Қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы ревакцинация қажет болуы мүмкін, деп хабарлайды “Хабар 24” арнасы.
Вакцинаны қайтадан салу, салмау мәселесін анықтау үшін адамның бойында антиденелер қанша уақыт сақталатыны зерттелуі керек.
“Бұл спайс-ақуызға байланысты. Антидененің көрсеткіші нөлге тең болған жағдайда адамдар қайтадан вакцина салғызуы керек болуы мүмкін.
Ревакцинация мәселесі әлі талқылануда. Ақпан-наурызда халықтың көп бөлігі, негізінен медициналық қызметкерлер вакцинацияланғанын ескере отырып, күзге қарай, қазан-қараша айларында олардың кейбіреулеріне қайта вакцинация қажет болуы ықтимал”, –дейді жоғары санатты инфекционист-дәрігер Сәуле Атығаева.