Профессор індет жұқтырғандардың бедеулікке шалдығу ықтималдығы туралы айтты

0

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Ләззат Ералиева коронавирус инфекциясының салдарынан бедеулікке тап болған адамдарға қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды ЭК.

«Өкінішке қарай, ондай статистика бар. Мен экстракорпоралды ұрықтандыру орталықтарында тексеруден өтіп жатқан адамдардың ішінде коронавирус инфекциясынан кейін аспермияға, яғни сперматозоидтардың болмауына ұшыраған ер адамдар бар екенін білемін. Бірақ ағзадағы бұл ақауды жоюға болады.Жағдай үш-төрт айдан кейін жақсарады. Алайда сперматозоидтардың саны ауру жұқтырмай тұрған кезге қарағанда әлдеқайда төмен болады. Қазір мұның бәрі зерттеліп жатыр. Мұның әлі тың деректер екенін түсінулеріңіз қажет» — деді Ләззат Ералиева.

Ал америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман вакцинаның бала сүюге теріс әсері жоқтығын айтты.

«Вакцинаның құр өзі СOVID-19-ды тудырмайтыны анық. Вакцина репродуктивті жүйенің қызметін бұзбайды. Сондай-ақ жаңа туған сәбиде түрлі аурудың туындауын тудырмайды. Керісінше, СOVID-19-ға шалдыққандар белсіздік, баланың шала туылуы, мидың, жүрек, ақыл-ой қызметінің көптеген бұзылыстарымен тууы ықтимал үлкен қатер тобында», — деді Алмаз Шарман.