Экстремизм бабымен сотталушылар көрмесі ашылды

0

Астана. 10 желтоқсан. KAZISLAM – Павлодар қаласында облыстық Прокуратура мен үкіметтік емес «Адал» жастар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм және терроризм» бабы бойынша сотталушы тұлғалардың сурет көрмесі ашылды.

Көрменің басты мақсаты —  экстремизм және терроризм айыбымен сотталғандарды оңалту. Осы арқылы сотталған азаматтарды толеранттылыққа баулу және экстремистік, деструктивті санадан алшақтату,дәстүрлі діннің принциптері мен құндылқтарын насихаттау. Дайындық барысында экстремиз бағыты бойынша сотталған адамдардың арасында байқау ұйымдастырылды. Байқауға 60 адам қатысты. Көрмеге таңдаулы 45 сурет қойылып, ең үздік туындының авторлары марапатталды.

Сарапшылар аталмыш шараны экстремистік пиғылдан қайтарудағы үлкен жетістік ретінде бағалап отыр.

Көрмеге халықаралық деңгейдегі тренер-медиатор, Софиялық университетінің саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Татьяна Дронзина және РАНТ мүшесі, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының басшысы Есенова Дианна қатарлы білікті мамандар арнайы қатысты.

«Экстремизм мен террозизм саласында 20 жыл жұмыс істеген адам ретінде айтарым. Бұл көрме – экстремистерді оңалту жұмысының ұзақ процесінің бірі. Алайда, бұл бастама экстремизм және терроризммен күрес саласында халықааралық қауымдастықтың назарына ілігетіндей бірегей жоба» деп атап өтті Татьяна Александровна.

 Павлодар облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Департаменті басшысының орынбасары Даулет Искаковаталған көрменің жазасын өтеушілердің  дүниетанымына оң әсерін тигізетіндігін айтты.

«Жазасын өтеушілер суреттері арқылы  ұлттық құндылықтарға деген ішкі жан дүниесін көрсетеді. Яғни, осындай жұмыстар ұлттық құндылықтарды қайта бағалауғаалып келетіндігін айғақтайды» деді Даулет Мажикенович.

 Павлодар облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің Теологиялық және қайта оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының Бас инспекторы Руслан Саду аталмыш шараның мән-маңызы жайылы былай деді:

«Қайта түзеу колониясына аптасына бір рет теологтар, дінтанушылар, психологтар, тарихшы мамандар келіп оңалту жұмыстарын жүргізетіндігін айтты. Әр тоқсан сайын жазасын өтеушілерге қазақтың салт-дәстүрін үйрету, мемлекеттік әрі діни мерекелерге толеранттық көзқарас ұстануға баулу үшін арнайы іс-шаралар өткізіліп тұрады. Аталған бағытта бірігіп атқарған жұмысымтарымызды экстремизммен күрес жолындағы нақты қадам деп бағалауға болады».