Экс-ауыл шаруашылығы министрі жаңа қызметке тағайындалды

0

Экс-министр Сапархан Омаров «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне сайланды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

«Бүгінгі таңда азық-түлік келісімшарт корпорациясының алдында ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүргізу міндеті тұр. Сапархан Омаровтың ауыл шаруашылығы саласындағы бай тәжірибесі корпорация алдына қойылған міндеттер мен мақсаттарды тиімді орындауға мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осы жылдың 10 шілдесінде Сапархан Омаров Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы қауаңшылыққа байланысты дер кезінде шара қолданбағаны үшін ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылған болатын.