Асқар Ілиясов: Еркектер әйелдерінің өзінен мықты екенін білгенде қол көтере бастайды

0

Асқар Ілиясов отбасы, анасы мен жеке көзқарасы жайлы ашық айтты. Актер ер адамдардан әйелдердің ақылы басым келетінін айтады. Ал әйелін ұратын ер азаматтар, шын мәнінде, әйелден төмен деген пікірін жеткізді.

Бұл туралы Асқар Ілиясов Тимур Балымбетовпен болған сұхбатында айтты.

Актер біршама уақыт анасымен жақсы мәміледе болмай келді. Оның өз себебі бар. Анасын ерекше жақсы көретін актер бір кездері анасымен арасы суып кеткенін мойындады.

“Мен туғаннан бастап жәнатта өмір сүрдім. Мен тұңғыш бала болдым. Бәрі мені жақсы көрді. Бәрінің көңілі менде болды. 6 жасқа келгенде Аңсар өмірге келді. Мен ешкімге қызық болмай қалдым. Анам да інімді жақсы көріп кетті. Інімді еркелтті. Мен ол кезде бала едім. Сондықтан ешнәрсені жете түсінбедім. Анам менен сырт айналғандай көрінді. Анама деген ренішім пайда болды. Мені бұған айындаған жоқ. Маған ауыр соғатынын білген жоқ. Солайша арамыз суи бастады. Бірақ мен анамды ерекше жақсы көрдім. Мектеп бітірген уақытта мен Мәскеуге оқуға түсетін болдым. Сол кезде анам маған қарсы болды. “Сен ол жаққа оқуға түсе алмайсың” деді. Менің сағымды сындырғандай болды. Маған сенбестік танытты. “Сенен де талантты адамдар көп” деді. Бұл маған оқуға түсуге күш бергенімен, бұл ауыр соққы болып тиді. Ана баланы қолдамай, керісінше, сенімсіздік білдірді. Мен мұны ұзақ уақыт түсіне алмадым”, – деді актер.

Асқар Ілиясов айлап анасымен сөйлеспей кеткен күндерін еске алды. Алайда бір кітаптан кейін анасының бұл әрекетінің мәнін ұққандай.

“Жақында бір кітап оқыдым. Содан кейін мен анамның әрекетін түсіндім. Анам да мені ерекше жақсы көрген. Ол мені жанынан шығарғысы келмеген екен. Менен алыстағысы келмеген екен. Мен соны түсінбеген екенмін. Қазір бәрі қалпына келді. Мен анамды жақсы көремін. Бәрін түсіндім. Қазір бәрі жақсы”, – деді ол.

Актер қазақ қоғамындағы әйеліне қол көтеретін ерлер жайы сөз етті.

“Шындығында әйелдің табиғаты керемет. Әйел ерекше жаратылыс. Ол ерлерден де мықты. Кей ер азаматтар әйелдің өзінен басым екенін, мықты екенін білген соң ұрады. Оның тек күші басым. Соған ғана шамасы жетеді. Әйелдің өзінен асып түсуін қаламағандықтан қол көтереді”, – деді ол.

Осы сұхбатта актер вакцинаның жалған төлқұжатын жасататынын айтып, кейіннен көпшіліктен кешірім сұрады. Асқар Ілиясов өзінің ақымақтыққа салынып, артық сөз айтқанын мойындады.