Қазақстанның төрт өңірі аса қауіпті «қою қызыл» аймаққа кірді
Қазақстанның төрт өңірі аса қауіпті «қою қызыл» аймаққа кірді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысы барасында елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеді.
“Ауруханалардағы жүктемені бағалау матрицасына сәйкес «Қою қызыл» аймақтағы төрт өңір бар. Ол: Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды облыстары. Мұнда төсек орын саны 100 мың тұрғынға 200 орыннан қарастырылған», — деді Цой үкімет отырысында.
3 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда екпенің I компонентін 5 480 094 адам салдырған. Ал вакцинаның II компонентін алған адам саны — 3 941 941.