Полицейлер түркістандық тұрғынның көлігін айдай тұруға алып, жоқ қылып жіберген
Түркістан Облысының Полиция Департаменті қызметкерлері 2020 жылы ақпан айында түркістандық тұрғынның үйінен алып кеткен көлікті жоқ қылып жіберген. Полицияға көлігін алуға барған тұрғын «көлігің Ресейден ұрланған» деген жауапты естіп, «шок» болған.
Бұл туралы әлеуметтік желіге заңгер Айгүл Орынбек жазды.
«Көкемнің көлігі қайда Қайрат Дәлбеков?
“Генаралдың өзі шақырды, тапсырған адамы 20 күн ішінде көлігіңіз немесе сол көлікті сатып алған ақшаңыз қайтады”, уәде берген.
Одан бері тағы бес ай өтті!
Түркістан Облысының Полиция Департаменті қызметкерлері 2020 жылы ақпан айында көкемнің үйінен алып кеткен көлікті жоқ қылып жіберіп отыр!
Тергеушінің сөзінше көлік Ресейден ұрланған екенміш!
Алайда аталған көлік бойынша ешқандай сот шешімі шықпаған, яғни жәбірленуші (сатып алушы тарап) сотқа шақыртылмаған. Көлікті заңдастыру бойынша ешқандай сот өтпеген.
Көлік көкемнің үйінен актіленіп алынған, бірақ нөмірін басқа біреулер, басқа көлікке тағып жүрген жерінен ұстадық!
Осыдан төрт жыл бұрын қымбат көліктерді тергеушілердің өзі ұрланған деп алып кетіп,
мініп жүрген жерінен ұстап шу шығып біразы ұсталған.
Содан біраз уақыттан бері басылып қалған еді..
Енді қайтадан басталды ма Ерлан Тұрғымбаев мырза?
Ұрланған көліктер біздің елге кіргізіп нөмір беріп жатқанда ҚР Ішкі істер министрлігі қайда қарап отыр?
Нөмірді беретін де сіздер емессіздер ме?» деп жазды заңгер.