«Ол бәрібір сіздердікі»: Рухия Байдүкенова өзін Димаш Құдайбергенмен жұптастырғандарға жауап берді

0

Витебскте өткен «Славян базары – 2021» байқауының Гран-при иегері Рухия Байдүкенова жеке өмірі мен Димаш Құдайбергенге қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

22 жастағы ару 1,5 айда 20 келі салмақ тастау құпиясымен бөлісті. Сөзіне қарағанда, оған дұрыс тамақтану, психологиялық жұмыс, қимыл және тәртіп көмектескен.

Сонымен қатар бойжеткен ұлтына қатысты сұраққа: «Ата-анам метистер, ал өзім қазақпын», – деп жауап берді. Найман руынан шыққанын да атап өтті.


«Славян базары» байқауынан кейін танымалдығы артқан Рухия басының бос екенін, алайда жүрегін жаулаған жігіттің бар екенін мәлімдеді. Ал Димаш екеуін «қосып», екі жас үшін уайымдап жүрген Dears-қа:

«Димаш туралы сұрақ көп. Диарс! Уайымдамаңыздар, қалай болғанда да ол сіздердікі», – деді.


Ас әзірлеу, жаяу жүру, балалармен ойнау… Әлі тұрмыс құрмаған Рухияның ұнататын істері осындай.

Болашақ жары «ауылдан, тіпті орманнан болса да»  Рухия «қарсы емес».

Оқырмандар тарапынан түскен өзге сауалдарға зер салуды ұсынамыз:

– Бес жылдан кейін өзіңді қалай елестетесің?
– Шығармашылыққа да, отбасына да үлгеріп жүрген әйел. Бақытты отбасы мен тыңдарманы, мансабы бар әйел. Пайдасы тиетін артист болғым келеді. Өзінің қорлары бар.

– Димаштың жолымен жүруге қалай қарайсыз?
– Мәселен, Димаш ол жолмен жүріп қойды да. Дәлме-дәл қайталау мүмкін емес сияқты. Алла әркімге әртүрлі жол береді… тек төзе білсе…

– «Евровидениеге» Қазақстан қатысса, өтініш берер ме едіңіз?
– Иә.

– Болашақ жарыңыз өнер адамы болғанын қалайсыз ба?
– Қарсы емеспін.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айында Беларусь елінде өткен “Славян базары” Халықаралық байқауында қазақстандық Рухия Байдүкенова гран-при иегері атанған еді.