Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

0

Жазушы Аягүл Мантай қайтыс болғаннан кейін Түркістан облысының полицейлері қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеу амалдары «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабы бойынша басталған.

Жазушының мезгілсіз қазасы әлеуметтік желілерде резонанс тудырды. Желі пайдаланушылары марқұмды өлімге итермелегенін айтуда.

«Суицид жайты Жетісай АПБ полицейлерімен ҚР ҚК-нің 105-бабымен «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлермен қажетті деген іс-шаралардың барлығы атқарылуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады», — деді Түркістан облысы ПД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.