Сәпиев: «Олимпиада ойындарынан соң кейбір жаттықтырушыларға шара қолданамыз»

0

Токио төрінде шаршы алаңда өнер көрсетіп жатқан қалған төрт боксшы да ел қоржынына медаль салуға үмітті, деп хабарлайды ЭК.

Мұндай пікірді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев айтты.

Біз үш немесе төрт медаль жеңіп аламыз деп айтар едім. Қалған боксшылардың барлығынан үміт күтеміз. Біз қолдан келгеннің барлығын жасадық, енді спортшылардың өздеріне байланысты болады,

— деді Сәпиев.

Ол Василий Левиттің де жеңіліп қалғанына тоқталды.

Василий Левит / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Василий Левит / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Біз Василийді қолдаймыз. Егер ол өзінің бокстағы мансабын аяқтағысы келсе, көре жатармыз. Егер жалғастыруды шешсе оған жағдай жасауға әзірміз,

— деді Сәпиев.

Сонымен қатар, спорт комитетінің басшысы Токио ойындарынан кейін кейбір жаттықтырушылар өз орындарынан кетуі бек мүмкін екенін айтады.

«Әр ойыннан кейін біз министрлікпен, федерациялармен және ҰОК мамандарымен бірігіп сараптама жасаймыз. Жіберген қате тұстарды анықтап, тиісті шешім қабылдаймыз. Осы ойындарда сәтсіздікке ұшыраған спорт түрлерінің жаттықтырушыларына қатысты Олимпиададан кейін шара қолданатын боламыз», — деді ол.