Азаматтардың құқықтары | Скачать Курстық жұмыс
С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КОЛЛЕДЖІ ЖШС-і
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТ-ТІЛІГІ
ПӘНІ: АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ
МАМАНДЫҒЫ: 0201000 ҚҰҚЫҚТАНУ
Орындаған: А.М. Төренияз
Ғылыми жетекшісі: Л.Ө.Дүйсалиева
Қорғауға жіберілді (жіберілмейді)
Экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
пәндік бірлестігінің жетекшісі
_________________________ Г.С.Исатаева
қолы
________________________2018ж.
Ақтөбе 2018 жыл
С.Бәйішев атындығы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік колледжі ЖШС-і
Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Топ білім алушысы ___________________________________ ______________
(білім алушының аты-жөні)
Азаматтық құқық пәні бойынша
___________________________________ _______________________________
(курстық жұмыстың тақырыбы)
___________________________________ _______________________________
тақырыбына жазған курстық жұмысына
Пікір
___________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _______________________________________
Бағасы___________________________________ _________________________
Курстық жұмыстың тапсырылған күні_______________________________ __
Пікір жазушы: Дүйсалиева Л.Ө.
(аты-жөні)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3-5
І ТАРАУ. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
1.1 Азаматтардың құқық қабілеттілігінің негізгі мазмұны 6-12
1.2 Шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ жоқ азаматтардың құқық қабілеттілігі 12-17
ІІ ТАРАУ. АЗАМАТТАРДЫҢ ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
2.1 Әрекет қабілеттілік түсінігі және кәмелет жасқа толмаған
азаматтар 18-22
2.2 Сот шешімімен әрекет қабілеттілікті шектеулі деп немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп тану 22-26
ҚОРЫТЫНДЫ 27-28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы — құқықтық мемлекет. Оның Ата Заңы, яғни Конституциясы бар. Конституция Республика аумағында өзіндік ықпалы бар заңдар жүйесі. Заңда Республика азаматтарының құқықтары мен міндеттері айқын көрсетілген. Өз құқығы мен міндеттерін жетік білу әрбір Республика азаматының міндеті болып табылады. Алайда қазіргі таңда өз құқығын білмегендіктен көптеген зардаптарға ұшырауда. Азаматтардың құқық қабілеттілігін білмегендіктен жасөспірімдердің еңбегін пайдалану белең алуда. Азаматтар құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің ара жігін ажырата білмейді. Заңға салғырт қарағандықтан, азаматтар әрекет қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігінен айырылған. Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына ортақ және біркелкі. Заңда көрсетілгендей ешкімді құқығынан себепсіз айыруға тыйым салынады. Әрбір азамат өз құқығы мен бостандығы үшін күресуі тиіс.
Азаматтық құқық қабілеттілігін азаматтан айырып қарауға болмайды. Азаматтық заңдарда көрсетілгендей, ол адамның ақыл-есіне, жасына, денсаулығына байланысты емес. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болғаннан кейін тоқтатылады. Сонымен бірге заңда әлі дүниеге келмеген нәрестенің, болашақ азаматтың құқығын қорғау мүмкіншілігі де көрсетілген. Mұра қалдырушының тірі кезінде іште қалып, ол өлгеннен кейін туылған азаматтар да басқа мұрагерлермен бірдей тең үлеске тиесілі. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуіне, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.
Тақырыптың өзектілігі: азаматтың әрекет қабілеттілігі дегеніміз жеке тұлғаның өзінің іс-қимылымен белгілі бір құқықтарға ие бола алу және сол құқықтарды іске асыра алу және белгілі бір міндеттерді атқару, алып жүре алу қабілеттілігі. Психикалық дерттің нәтижесінде өз іс-әрекеттерінің мән маңызын түсіне алмайтын және оларға басшылық жасай алмайтын азамат сотпен әрекет қабілетсіз деп танылады. Мұндай жағдайда азамат ұсақ тұрмыстық мәмілелерді қоса алғанда ешқандай да мәмілеллерді жасай алмайды, оның атынан барлық мәмілелерді қорғаншысы жасайды. Азаматтық құқық субъектілік туралы түсініктер тұлғаларды құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік сияқты қасиеттердің болуымен байланыстырылады. Азаматтық құқықпен реттелетін құқықтық қатынастар адаммен өмір бойы бірге жүреді: адамның туған кезінен қайтыс болғанына дейін. Әрине, жаңадан туған нәрестенің шарт жасасуын көзе елесету қиын, сәби азаматтық құқықтар мен міндеттердің белгілі бір жиынтығына ие бола алады. (өсиетке мүлік алуға, меншік иесі болуға, т.б.)
Тақырыптың мақсаты: азаматтық құқық қабілеттілік пен азаматтық әрекет қабілеттіліктің мәні мен мағынасын аша отырып, азаматтық құқықтық қатынастардың қажеттіліктері мен ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Азаматтық Кодекстің бірініші бабында көрсетілгендей, азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субъектілерінің бірі — азаматтар. Азаматтардың құқықтық жағдайы олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі арқылы сипатталады. Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субъектілері деп аталатын құқықтық қатынысқа қатысушыларға тән. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер жатады. Аталған субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарға қатынасуының алғышарты олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке және азаматтық әрекет қабілеттілікке ие бола алуы. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның, дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның, өз еркімен мүлікті иеленіп, оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.
Курстық жұмыстың мақсатына орай оның алдына келесі міндеттер қойылады:
— Құқық қабілеттіліктің жалпы сипаттамасын беру;
— Азаматтардың әрекет қабілеттілігінің мәнін ашу;
— Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің байланысын көрсету;
— Азаматтардың құқықтық әрекет қабілеттілігіне байланысты субъектілерін анықтау мен оларға сипаттама беру.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 негізгі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады.
І ТАРАУ. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
1.1 Азаматтардың құқық қабілеттілігінің негізгі мазмұны
Құқық қатынастарына қатысушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттері болады, олар құқық қатынастарының субъектілері деп аталады. Азаматтық Кодекстің 1-бабында азаматтық зандармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, занды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген.
Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі — Қазақстан Республикасының азаматтары. Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қарамастан бірыңғай және тең болып табылатыны атап көрсетілген.
Азаматтық Кодекстің 1-ші бабында көрсетілгеңдей, азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субъектілерінің бірі — азаматтар. Азаматтардың құқықтық жағдайы олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі арқылы сипатталады. Сондықтан да азаматтық құқық қабілеттілігіне анықтама беруіміз қажет. Азаматтық Кодекстің 13-ші бабына сәйкес, азаматтық құқық қабілеттілігі деп азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілетін айтамыз. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқталады. Азаматтық құқықтың алдына қойған мақсаты сол — азаматтық құқық қабілеттілігін тек аталған саланың шеңберінде ғана көрсетпеу, себебі құқық қабілеттілігі басқа да құқық салаларының көкейкесті мәселелерінің бірі. Азаматтың құқық қабілеттілігі шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатысына, кәсібінің тегі мен сипатына, тұратын жеріне және т.б. жағдайларға қарамастан Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына тендей мойындалады. Азаматтық құқық қабілеттілігін азаматтан айырып қарауға болмайды. Азаматтық зандарда көрсетілгендей, ол адамның ақыл-есіне, жасына, денсаулығына байланысты емес. Сонымен бірге занда әлі дүниеге келмеген нәрестенің, болашақ азаматтың құқығын қорғау мүмкіншілігі де көрсетілген.
Азаматтық Кодекстің 525-ші бабына сәйкес мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған, ол өлгеннен кейін туылған азаматтар да басқа мұрагермен бірдей тең үлеске тиесілі. Азаматтардың құқық қабілеттілігінің мазмұнына тоқталатын болсақ, ол жайында Азаматтық Кодекстің 14-ші бабында айқын көрсетілген. Азамат меңшік құқығы деңгейінде мүлікті алуға, мұраға салдыруға, республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға, республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға, заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып міндеттемелерге қатысу, өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға, материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады, басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады. [І: 2; 34-35бб.]
Азаматтық құқықтарды иеленіп оны жүзеге асыру үшін азаматтық құқықтың бастаулары басшылыққа алынады, кеңінен айтатын болсақ ол нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтык-құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасы азаматтық заңының мейлінше маңызды тұстарын көрсетеді. Демек, азаматтық заңды түсіну мен оны қолдану азаматтық құқықтың тек жалпы қағидалары арқылы мүмкін болады. Қағидалар Азаматтық құқық жүйесінде әрқашанда бастапқы норма болып саналады. Сондықтан да басқа нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады, демек қағидалар өзгелерден басым түседі. Қағидалар азаматтық-құқықтық нормалардың барлық жүйесін қамтып, басшылыққа алынады. Азаматтық кодекстің 2-бабындағы азаматтық зандардың жалпы негіздері мен мәнісін бекіте түсуіне байланысты, енді қағидалар нормативтік мәнге ие болды және оны қолдану міндеттілікке айналды. Бұрын-соңды азаматтық қағидалар заң нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырындама ретінде бекітілмеген еді, тек «азаматтық заңның жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты» деген жалпы тұжырымдамамен шектелетін.
Профессор Ю.Г.Басин азаматтық құқық қағидалардың рөлі мен маңызы туралы былай деп тұжырымдайды:
1) ол тікелей әрекет ететін нормалар түрінде кездеседі;
2) ол жаңа заңды жасау немесе бұрынғы заң құжаттарын өзгерту кезінде ескеріледі;
3) құқық ұксастығын қолдану қажет болған жағдайда заң қағидалары басшылыққа алынады;
4) мұндай қағидалар құқықтық нормалардың бастапқы мазмұнының немесе шарт талаптарының тиісті жағдайларының мазмұнының түсіндірілуі жүзеге асырылғанда назарға алынуы тиіс.
5) заң қағидаларына сүйене отырып, заң нормалары арасындағы қарама-қайшылықты жоюдың жолдарын табуға болады, мұның өзі егер бұл аталған жағдай кездескенде ғана қолданылады. Осы мәселелерге орай оған екі жағдайды қосып айтуға болар еді: біріншіден, қағидалар тек заң актілері жүйесінің сипатын көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ол заңгерлердің құқықтағы құқықтарын белгілейді. Екіншіден, азаматтық құқық қағидалары өзінің реттеу жүйесі арқылы бірқатар мемлекеттік құқықтық институттар мен нормаларды, яғни бірінші кезекте азаматтардың конституциялык құқығын азаматтық құқықтар аркылы өзіне тән тәсілдермен қорғауды нақтылай түседі.
Азаматтық құқықтың мынандай қағидалары бар:
1) азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі;
2) меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;
3) шарт еркіндігі;
4) жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығы;
5) азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;
6) нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;
7) азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.
Міне, осы қағидалардың бәрі де Азаматтық кодекстің «Азаматтық зандардың негізгі бастаулары» деп аталатын 2-бабында бекітілген. Яғни, сол арқылы мемлекет пен қоғамның азаматтық зандарының алдына қойған мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялық және ізгілікті қасиеттері көрініс береді. Енді осы көрсетілген қағидаларды талдасақ дейміз. [ІІ; 1; 64-66бб.]
Азаматтық, құқықтық, қатынастарға қатысушылардың теңдігі қағидасы азаматтық құқықтың басты қағидаттарының бірі, олардың қатысушылары-ның теңдігіне байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға қатысушылардың теңдік қағидасы қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесінің өзімен айқындалады. Яғни бұдан азаматтық-құқықтық қатынастарда тараптардың жағдайы тәуелсіз, тең дәрежеде болатындығын көреміз. Демек, азаматтық қатынасқа қатысушының бірі екіншісіне тіптен бағынышты емес, ал тәуелділігі оның мінез-құлқына, екіншісінің ерік-жігеріне қатысты болмау керек.
Азаматтық заңмен реттелетін мүліктік және мүліктік емес қатынастар жүйесінде субъектілер теңдігі төмендегідей жәйттерді білдіреді:
1) мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бөлінісі азаматтық-құқықтық қатынастарға жалпы негізде, өзге қатысушылармен тең құқықта қатысады. Бір айта кететін жайт, азаматтық-құқықтық қатынастардағы мемлекеттің жауапкершілік ерекшелігі занда көрсетілмеген;
2) занды тұлғалардың құқықтық мәртебесі жеке тұлғалардың мәртебесіне біртабан жақын келеді. Мысалы, қазіргі кезде азаматтар ғана емес, заңды тұлғалар да шартпен өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілей алады, сондай-ақ заңға қайшы келмейтіндей шарт талаптарының кез келгенін таңдауға ерікті және заңды тұлға және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар еңбек шартын, оның ішінде келісім шартты жасасуға құқығы бар;
3) егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, шетелдік жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, азаматтық зандарда Қазақстан Республикасының азаматтары мен занды тұлғалары үшін қаңдай құқықтар мен міңдеттер көзделсе, нақ сондай құқықтарға ие болуға құқылы және сондай міндеттерді орындауға міндетті (Азаматтық Кодекстің 3-бабының 7-тармағы).
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында меншік иелерінің құқын қорғауға байланысты теңдік қағидасы тұжырымдалған. Мұның өзі оларға қатысты құқықтардың бұзылуына қарсы қорғану құралын субъектілер бірдей қолданады дегенді білдіреді. Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық қағидасына тоқталсақ, меншікті құрметтеп, оған ешкім қол сұқпайтын елде ғана азаматтар жайбарақат өмір сүре алады. Сондықтан да әрбір қоғамда меншік ерекше мәртебеге ие болып, оны қасиетті әрі қол сұғылмайтын нәрсе деп бағалайды. Адамның белгілі бір затты иеленуі оны тұтынуы, белгілі бір мақсатына, яғни керегіне жаратуы үшін керек, сондықтан ол бұл орайда кызмет ету құралын бәрінен де жоғары қояды. Мемлекет пен құқық, оның ішінде азаматтық құқық мұндай жағдайды қамтамасыз етеді.
Қашан да меншік кұқығы азаматтық құқықтың орталық институты болып есептелген және меншік иесінің кұқығын қорғауды барынша талап еткен. Міне, сондықтан да азаматтық құқық меншіктің кол сұқпаушылық қағидасына негізделеді. Меншікке қол сұқпаушылық Азаматтық кодекстің, басқа нормаларында да өзіндік көрініс тапқан, ал оны нақтылайтын тұжырымдама Конституцияның 26-бабының 3 тармағында бекітілген. Яғни онда былай делінген: «Соттың шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды. [ІІ: 2; 49-50-бб.]
Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның кұны тең бағамен етелген кезде жүргізілуі мүмкін». Конституцияның бұл қағидалары Азаматтық кодексте реквизициялау, күтімсіз ұсталған мәдени жөне тарихи қазыналарды сатып алу және т.б. қатынастарда қолданылады.
Қазіргі кезде занда меншік қүқығымен қатар меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары да қаралған, оларға да қол сұқпаушылық қағидасы қолданылады:
а) жерді пайдалану құқығы;
ә) шаруашылық жүргізу құқығы;
б) оралымды басқару құқығы;
в) өзге де заттық құқықтар.
Кей жағдайда меншік құқығы шектеулі болуы да мүмкін. Мысалы, Жер кодексінде жер қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі құқықтарды жүзеге асыруы табиғи объект ретінде жерге, айналадағы табиғи ортаға, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірмеуі жөнінде айтылған. Бірақ та заң арқылы белгілі бір дәрежеде шектеу қойыла тұрғанымен азаматтық заңдағы меншік құқығының алар орны ерекше, ал меншік иесі нарықтың, басты тұлғасы болып табылады. Бұл бұрын-соңды болмаған меншік кұқығын қорғаудың жаңа тәсілдерінің өмірге келуімен байланысты болып отыр. Мысалы, оған козғалмайтын мүлікті мемлекеттік арнайы тіркеуге енгізу жатады, сондай-ақ қозғалатын мүліктің, мәселен, бағалы қағаздардың меншік құқығын сенімді де жедел ұштастырудың жаңа тәсілдері жасалды. [ІІ: 3; 63-64бб.]
Шарт еркіндігі қағидасы бойынша зан шығарушы меншікті емін-еркін пайдалану үшін заңды негіз жасайды, сол арқылы азаматтық субъектілердің өздеріне контрагентті таңдауына, шарт талаптарын мүлдем дербес айқындауға әрі оны тағайындауға мүмкіндік береді. Бұл қағида нарықтың дамуына және бәсекеге қажетті алғышарттарды жасайды, міне, сондықтан да ол кәсіпкерлік қызмет үшін ерекше маңызға ие. Сонымен, Азаматтық Кодекстің 10-бабының 6-тармағында әрбір тұтынушының тауарлар сатып алу, жұмыс пен қызметті пайдалану үшін еркін шарт жасасуға мүмкіндігі бар.
Жоғарыда аталған азаматтық құқықтың негізгі қағидалары, ең бірінші азаматтардың мүдделерін оның ішінде мүліктік емес құқықтарын қамтамассыз етуде басшылыққа алынады. [ІІ: 4; 57-58бб.]
1.2 Шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ жоқ азаматтардың құқық қабілеттілігі
Халықаралық жеке құқық нормалары шетелдіктердің мүліктік, жеке мүліктік емес, отбасы, еңбек және процессуалдық құқықтарын реттейді. Шетел азаматы екі құқықтық тәртіпке бағынады: отандық заңнама мен өзі орналасқан шетел мемлекетінің заңнамасына. Бұл жайт шетел азаматының құқықтық мәртебесінің өзгешелігін құрайды.
Шетелдіктердің құқықтық жағдайын анықтауда адамдардың құқықтары мен бостандықтары туралы жалпы халықаралық құқықтың жалпымен танылған қағидалары мен нормаларының маңызы зор. Халықаралық құқықтың жалпы таныған нормалары мен қағидалары адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық актіде, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы актілерде көрініс табады. [ІІ: 5; 38-39бб.]
Көптеген мемлекеттерде шетелдіктер құқығы ұғымы қолданылады, ол жария құқық саласындағы шетелдіктерге арналған арнайы режимді анықтайды. Әдетте шетелдіктер құқығы қоныстану, жұмыcқа тұру және тағы да басқа мәселелерді қамтитын ережелерден тұрады. Шетелдіктер құқығын шетелдіктердің құқықтарын шектейтін нормалардың жиынтығы деп түсіну қажет деген пікір де бар. Негізінен, шектеулер орын ауыстыру, белгілі бір кәсіппен айналасу, жылжымайтын мүлікті сатып алумен байланысты. Шетелдіктер жағдайын халықаралық жеке құқыққа қосатын мемлекеттер де бар. Бұл — Франция және құқықтық жүйелері француз құқығының әсерінен қалыптасқан мемлекеттер. Көптеген мемлекеттерде шетелдіктер құқығы әкімшілік құқықтың саласы ретінде қарастырылады.
Шетелдіктер құқығы — бұл шетелдіктердің ерекше құқықтық мәртебесін анықтайтын нормалар жиынтығы, бұл коллизиялық сипаттағы нормалар емес, тиісті қатынастарды реттейтін материалдық — құқықтық нормалар. Әдетте, шетелдіктер құқығы шетелдіктердің құқықтық жағдайын кең, тар мағынада анықтайды. Тар мағынада бұл — негізінен әкімшілік-құқықтық сипаттағы нормалар, олар шетелдіктің құқықтық жағдайының ұлттық азаматтардың құқықтық мәртебесінен айырмашылықтармен байланысты. Кең мағынада — шетелдіктің құқықтық мәртебесін кез-келген жағдайда анықтайтын барлық нормалардың жиынтығы. [ІІ: 6; 78-79бб.]
Көптеген елдерде шетелдіктердің құқықтық мәртебесіне арналған жеке жетілдірілген заңнама бар, бұл жалпы құқықтағы мемлекеттерге де қатысты.
Ресей және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа мемлекеттерінде, Шығыс Еуропа елдерінде шетелдіктер құқығы құқық жүйесінде жеке құқық саласы болып саналмайды. Реттеу пәні бойынша тиісті нормалар құқықтың әртүрлі салаларында, яғни мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, еңбек, қылмыстық және тағы басқа қатыстылығымен түсіндіріледі. Бірақ бұл арнайы заңмен реттелудің тиімділігін жоққа жарамайды. Қазақстанда жоғарыда аталған Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы Заңы әрекет етеді.
Қазақстан Республикасы заңнамасы шетел азаматтарының құқықтық мәртебесінің негізгі қағидаларынан бастау алады:
1. шетел азаматтары ресейлік азаматтармен теңдей құқықтар мен бостандықтарды иеленеді және бірдей міндеттерді атқарады, негізгі бұнда ұлттық режим қағидасы болып табылады;
2. шетел азаматтары тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағжайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына қарамастан заң алдында теңдей;
3. ресейлік азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын арнайы шектейтін мемлекеттердің азаматтарына қатысты жауапты шектеулер қойылуы мүмкін;
4. шетел азаматтарының өзінің құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы қоғам мен мемлекет мүдделеріне, Ресей Федерациясының азаматтары мен өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зардап тигізбеуі тиіс.
Құқықтық жағдай, құқықтық мәртебе ұғымдарынан құқықтық режим ұғымын ажырата білу қажет. Ол орналасу мемлекетіндегі шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқық қабілеттігін анықтайтын бастаулар мен қағидаларды білдіреді. Халықаралық режимдердің үш түрі бар:
— ұлттық режим;
— арнайы режим;
— қолайлы жағдай жасау режимі.
Профессор Сарсембаевтың айтуына қарағанда, шетел азаматтарының қазақстандағы құқықтық мәртебесін анықтайтын негізгі қағидалардың біріне ұлттық режим жатады. Ұлттық режимде шетел азаматтарының құқықтық мәртебесі өз азаматтарының құқықтық мәртебесіне сәйкестендіріледі. Бірақ қалай айтқанмен, олардың мәртебелері толығымен тең болмайды.
Арнайы режимде шетелдіктер үшін ерекше ережелер көзделген. Арнайы режимнің мәні тек шектеулер қою ғана емес, сонымен қатар ол кейбір жеңілдіктерді көздеуі мүмкін.
Қолайлы жағдай режимі шетелдіктерге кез-келген үшінші мемлекеттің азаматтары иеленетін немесе иелене алатын құқықтарды ұсынады. Азаматтық кодекстің 1095-бабының 1-пунктіне сай: Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан азаматтарымен тең азаматтық қабілеттігін пайдаланады, егер Қазақстан Республикасының заң актілері мен халықаралық шарттарында өзге жағдайлар белгіленбесе.
Жоғарыда аталып өткендей, Қазақстан ұлттық режим қолданылады. Ол шетел азаматтарына, олардың мемлекеттерінде қазақстандық азаматтарға ұсынылатын құқықтар көлеміне қаралмай беріледі. Алайда, біздің заңнамаға сәйкес мемлекет реторсияны қолдана алады. реторсия көбінесе, Қазақстандық азаматтарға қатысты ашық дискриминация жүзеге асырылса қолданылады.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы Заңы шетелдіктердің құқық қабілеттілігінің жалпы шектеулерін орнатады. 6-бапқа сай шетел азаматтары кейбір жекелеген лауазымдарға тағайындала алмайды және еңбек қызметінің кейбір түрлерімен айналыса алмайды, егер бұл лауазымға тағайындалу мен сондай әрекет түрімен айналысу Қазақстан Республикасының азаматтығында болумен байланысты болса, мысалы, мемлекеттік қызметке тұру. Сондай-ақ шетел азаматтары саяси партияларға мүше бола алмайды. 19-бап бойынша шетел азаматтары өкілді және өзге де сайланбалы органдарға немесе лауазымдарға сайлай немесе сайлана алмайды, республикалық референдумға қатыса алмайды. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға жалпыға бірдей әскери міндеткерлік таралмайды.
Тұрақты және уақытша тұратын шетел азаматтарының құқықтық мәртебелерінде айырмашылықтар бар. Жұмысқа тұру, денсаулық сақтау, білім алу, қоғамдық бірлестіктерге мүше болу мәселелері бірдей шешілмейді. Тек тұрақты тұратын шетел азаматтары аталған салаларда қазақстандық азаматтармен теңестіріледі. Оған қоса, уақытша келген шетел азаматтарының құқық қабілеттігі олардың келу мақсаттарымен анықталады. Мысалы, туристік немесе іскерлік виза бойынша келгендер оқуға немесе жұмысқа тұра алмайды. Шетел азаматтары Қазақстан Республикасында әрекет ететін шетел паспорттары мен оларды алмастыратын құжаттар негізінде, кіру визалары болған жағдайда ғана кіре алады. [ІІ: 7; 68-69бб.]
Кіру визаларын Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, немесе жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасының өкілдері арнайы құзірет берген органдар береді. Визаны беру негіздері ретінде қабылдаушы тараптардың шақыруы мен Қазақстан Республикасының уәкілетті органдардың рұқсаты болып табылады, егер халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе. Қазақстанмен жол жүрудің визалық емес режимі сақталған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің азаматтарының кіруіне шақыру қажет емес.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-бабына сәйкес: Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Демек шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұруға және белгілі бір еңбек қызметі түрімен айналысуға құқылы дегенді білдіреді. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 2-тарауының 14-бабында: Республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға, республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тиым салынбаған кез-келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру, заң құжаттарында тиым салынбаған кез-келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу құқығы болады делінген. Еркін жүріп-тұру нормасы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы жарлығында бекітілген 16-бапта: шетел азаматтары Қазақстан … жалғасы