Ashyq-тан «көк» түс мәртебесі алынып тасталуы мүмкін
Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Ashyq-тан «көк» түсті мәртебені қашан алып тастауы мүмкін екенін айтты.
«Бүгінде, шынымен де, сынақтан оң нәтиже көрсетпеген және қатынаста болмаған жандар үшін «көк» түсті мәртебе бар. Олар Ashyq жүйесіне еркін кіре алады. Қазір біз жүйеге «жасыл» мәртебені енгізіп жатырмыз. Аталған түс тек екі компонентпен вакцинацияланғандар үшін ғана емес, бір компонентті салдырғандар үшін де жанатын болады. Бұл өз кезегінде азаматтарды вакцинациялау мәселелеріне ынталандырады, сонымен қатар бүгінде «көк» түсті мәртебеге ие адамдардың санын азайтады», – деді Есмағамбетова.
Ол вакцинацияның белгілі бір деңгейіне жеткеннен кейін Ashyq-тан «көк» мәртебені алып тастау мәселесі қарастырылатынын түсіндірді.
«Қазір «көк» түсті мәртебені толығымен алып тастау – алдын ала ойланатын шаруа, өйткені бір компонентпен вакцинацияланғандардың саны 5 миллион, демек, қалған 8 миллион «көк» мәртебесінде жүр, ең төменгі мәртебесі «қызыл» және байланыста болғандар («сары»). Сондықтан қазір біз бұл туралы ешнәрсе айта алмаймыз, бірақ вакциналар санының артуымен біз «көк» мәртебені Ashyq жүйесінен мүлдем алып тастау мүмкіндігін қарастырамыз деп ойлаймын», – деп түйіндеді Есмағамбетова.