«Дін жолында»: Аша Матай абысындарымен араласпайтынын ашық айтты
Танымал тележүргізуші Аша Матай өзінің өнердегі абысындарымен мүлде араласпайтынын айтты. «Mysterions»-тың әншісіне тұрмысқа шыққан ару топ құрамындағы Дильен мен Ильястың жұбайларын өмірде көрмеген болып шықты. Әнші жігіттер отбасылық жиындарға әйелдерін ертіп апармайды екен. Бұл туралы «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
«Расымен, өтірік айтып не керек. Оларды мен көрмедім, шын. Дильен мен Ильястың жұбайларын көрген емеспін. Білмеймін неге екенін, солай енді. Отбасылық кездесулерге де жігіттер өздері ғана келеді» , — деп айтты әнші.
Аша Матай екі әншінің де әйелі дін жолындағы арулар болғандықтан, шоу-бизнес жұлдызымен қарым-қатынас орнатқысы келмеген болар деп болжады.
Ал жиі ұйымдастырылып тұратын отбасылық жиындарға Ильяс пен Дильен жалғыз ғана келіп тұрады екен.
Көпшілік, Mysterions тобындағы жігіттердің «бір-бірімен араласпайтын» әйелдерін Rіngo-лық «тату-тәтті» келіндермен салыстыра бастады.
Желі оқырмандарының айтуынша, бұл топтың абысындары жақын араласып, өзара құрбы болып алған.
Бағдарлама үзіндісі Instagram желісіндегі qazaq_star парақшасында жарияланды.