Токио-2020: Дмитрий Баландин жартылай финалға өтті

0

Бүгін Токиодағы Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеу турнирі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин өз тобында төртінші нәтиже тіркеді. Ал жалпы есепте жетінші орынмен Олимпиаданың жартылай финалына жолдама алды.

Айта кетелік, жартылай финал бәсекесі ертеңге жоспарланған.