Медбике мен Түркістан облысының екі тұрғыны қылмыс үстінде ұсталды

0

Медбике мен Түркістан облысының екі тұрғыны қылмыс үстінде ұсталды. Бұл туралы ІІМ өткізген брифингте белгілі болды.  

«ІІМ Тергеу департаменті әскери-тергеу басқармасы Түркістан облысының үш тұрғынының қылмысының жолын кесті. Олар медициналық құжаттарды жасап сатқан. Тергеушілер Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан өтуге арналған құжаттарды жасаған Сарыағаш аудандық ауруханасының медбикесін әшкереледі», – деп хабарлады ІІМ.

Ұсталған адамдар Қазақстанның медициналық мекемелерінен шақыру анықтамаларын  қолдан  жасап, оны 3 000 – 8 000 теңгеге сатқан.

«Бұл жасанды құжат медициналық мекеменің шақыруымен тиісті қызмет алу үшін мемлекеттік шекарадан өтуге мүмкіндік берген. Медбикенің үйін және жұмыс орнын тінту кезінде мөр басылған 1266 медициналық бланк табылды «, – деп хабарлады полициядан.

ІІМ жасанды құжатты даярлап сатқаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айыру, оны қолданғаны үшін 40 тәулікке қамау жазасы қарастырылғанын ескертеді.