«5G бағаналары – қару, сондықтан оларды жою керек»: Ақпарат қазақстандықтарды шошытты
Әлеуметтік желіде қазақстандықтар 5G бағаналарын жоюға шақыруда. Тараған ақпаратқа сәйкес, бұл бағандар суық қару болуы мүмкін, деп хабарлайды Stopfake.kz.
Танымал Telegram арналарының бірінде аудио хабарлама таратылуда. Ақпаратта 5G антеннасының зиянды екені және одан адам немесе жан-жануарлар өліп кетуі мүмкін екені айтылған.
“5G базалық станцияларында адамды өлтіретін және емделмейтін аурулар тудыратын «әскери элементтер», лазерлер және басқа да құрылғылар жоқ.
Іске қосылған 5G бағаналарының алдында тұрған сиыр немесе басқа тіршілік иесі жай өліп қана қоймай, із-түссіз жоғалып кетуі мүмкін деген пікірлер ғылымға қарсы және фантастика болып табылады. Бүгінгі таңда әлемде мұндай технологиялар жоқ. Сонымен қатар, оларды 5G технологиясы жануарларға әсер ететін жиілік қауіпсіздігін зерттеу жоққа шығарады. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде бірде-бір зертханалық кеміргіш жойылған жоқ. Сондай-ақ, бұл зерттеулер 5G желілері өлімге қауіп төндіреді, COVID-19 белгілерін, онкологиялық және басқа аурулардың дамуын тудырады деп болжауға негіз бермейді”, – деп түсіндірілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 5G форматындағы желілердің іске қосылғаны туралы хабарланған жоқ. Өткен жылдың желтоқсан айында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі 5G-ге көшу кезең-кезеңмен жүзеге асырылатынын хабарлады.