Алматы облысында лауазымды тұлғалардың қылмысы әшкереленді

0

Алматы облысында энергетика министрлігінің лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғалары жемқорлық қылмысын жасағанын әшкереледі.

«Осы департаменттің басшысы өзіне бағынышты бас маманның делдалдығы арқылы Талғар АЭЖ қызметкерінен электр энергетикасы саласындағы тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды бергені үшін ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Аталған тұлғалар пара алу және беру, сондай-ақ осыған делдал болу фактілері бойынша өз кінәсін толық мойындағандықтан ұсталған жоқ», — деп хабарлады агенттік.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.