Токио Олимпиадасы: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

0

Қазақстандық ауыратлет Игорь Сон Токио Олимпиадасында қола медаль иеленді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Сон 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен. Ерлер арасында Қазақстанның жалғыз зілтеміршісі жұлқа көтеруде 131 келіні бағындырды. Ал серпе көтеруде 163 келіні көтерді. Осылайша, Сон қос жаттығу нәтижесі бойынша 294 келіні еңсерді. Бұл нәтижемен ол Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

 

22 жастағы Игорь Сон — Алматы облысы Үштөбе қаласының тумасы. 2019 жылы әлем чемпионатында күміс медаль иеленген.

 

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов қола жүлде иеленген болатын.