Оралда іш киім киген ер адам құбыр мен үйдің қабырғасы арасына қыстырылып қалды

0

Оралда іш киімі ғана бар ер адам құбыр мен көпқабатты үйдің қабырғасы арасына қыстырылып қалды, деп хабарлайды “Мой Город”.

Оқиға 23 шілде күні таңертең болды. Ер адамға көмекке құтқарушылар келді.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Зачаганск қаласында Мөңкеұлы көшесінде орын алды.

«Көп қабатты үйдің қабырғасы мен газ құбырының арасында, бірінші және екінші қабаттардың арасында қыстырылып қалған ер адам туралы қоңырау 6:13-те келіп түсті. Мас ер адамды құтқаруға жарты сағаттан аз уақыт кетті», — деп атап өтті ТЖД баспасөз қызметі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.