25 шілдеде қазақстандықтар шығатын 11 спорт түрінің тізімі мен уақыты

0

25 шілде күні Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандықтар спорттың 11 түрінен сынға түседі, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Төменде толық жарыс кестесі келтірілген (Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен)

06:00 Стендтік ату. Скит. Әйелдер
Асем Орынбай, Зоя Кравченко
08:00 Дзюдо. Ерлан
Ерлан Серікжанов — Орхан Сафаров (Әзербайжан)
08:00 Теннис. ӘйелдерЖеке разряд
Ярослава Шведова — Айла Томлянович (Австралия)
Юлия Путинцева — Надя Подорошка (Аргентина)
08:00 Теннис. ЕрлерЖеке разряд
Михаил Кукушкин — Федерико Кория (Аргентина)
09:45 Фехтование. Ерлер
Руслан Кұрбанов — Марко Фикера (Италия)
10:00 Оқпен ату. Пневматикалық винтовка. 10 метр. Ерлер
Юрий Юрков
10:00 Каноэ. Жекеесу спортыЕрлер
Александр Куликов
10:50 Каноэ. Жекеесу спортыӘйелдер
Екатерина Смирнова
12:30 Үстел теннисіЕрлер
Кирилл Герасименко — Любомир Янчарик (Чехия)

12:50 
Ауыр атлетика. Ерлер
61 килограмм. Игорь Сон
16:04 Жүзу спорты. 100 метр арқамен жүзуӘйелдер
Диана Назарова

16:24 Бокс. 
Ерлер
63 килограмм. Закир Сафиуллин — Леодан Песо Сабойя (Перу)
16:50 Су добыЕрлер
Қазақстан — Хорватия.

Еске салсақ, Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағы алғашқы күнгі медальдар есебінде Қазақстан бір қола медальмен 19- орында тұр.

Токио төріндегі татамиде 60 келі салмақ бойынша белдескен Елдос Сметов Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды. Сонымен қатар, Елдос Сметов келесі Олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Және ол осы жеңісі үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанын жеткізді.