Маңғыстаудың түйелері топырақ араласқан тамыр жеп жүр (видео)

0

Маңғыстаудағы түйе бағатын шаруалар да Ойсыл қара тұқымының шөп тамырын жеп жатқанын айтып дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды ЭК

Шөлге шыдамды, аштыққа төзімді осы түліктің де күйі кетіп қалды. Маңғыстау обылысындағы Кетік қаласының маңында түйе өсіріп отырған Есбол Естүрлиевтің айтуынша, қазір мұл балға оңай емес.

«Мына түйе деген малды жемдемей бағамыз ғой, негізі. Қуаңшылық басталғалы сауынды түйелерді жемдеп отырмыз. Көктемде шөптің еркегін, мортығын жейтін. Дым жоқ. Тақырдан тамыр жұлып жеп жатыр «, — дейді шаруа қожалығының иесі Есбол Естүрлиев.

Шаруаның айтуынша, қазір сауынды түйелерді тек жеммен бағып, ал қысырларын жайылымға жіберіп отыр. Бірақ өрістен ештеңе таппайтын түйелер топырақ араласқан жусанның тамырын жеп жатыр. Маңғыстауда түйенің қорегі — изен, бұйырғын, жусан ғана. Биыл жусаннан басқа шөп өспеген. Оның өзі тықыр.

«Мына қуаңшылықтың сесі 4-5 жылдан білінді ғой. Бірақ былтырлары 30 түйе саусақ, одан тәулігіне 120-130 литр сүт алатын едік. Биыл сауып отырғанымыз 20 түйе. Күніне тек 15-20 литрден аспайды. Желіні местей болған түйенің өзі аш болса, несін береді?», — дейді шаруашылық қожалығы иесінің жұбайы Гүлмира Итібаева.

Өзінде күй жоқ малдың жайылғанынан гөрі жатысы көп екен. Ал шаруашылықтағы отар-отар қойды тек түнекпен ұстап отыр. Қойды 24 сағат далаға жібереді. Қой-ешкі қора дегенді көруден қалған. Келетін шөптің бағасы қалтаны қағады. Бірақ амалсыздан мал сатып, соған оның азығын алуға мәжбүр.

«Не де болса біз сол қымбат келсе де мал азығын сатып алып береміз. Үкіметтен осы уақытқа дейін ешқандай көмек алып көрген жоқпыз. Сүтімізді сүттей де, шұбаттай да осы жердің халқына қолжетімді қылып беріп келеміз. Қысылтаяң уақытта төтенше жағдай жариялап, малдың басын сақтауға көмектессе болады ғой», — дейді шаруа.

Қазір төрт түлік әр жерге түскен ылғалды жағалап кеткен. Малшылардың күзде жауын болса, күздік шөп шығар деген үміттері зор. Ал ақ түтек қыс келе қалса, ешқандай амалдың жоғын айтып кідіріп қалды.