«Манчестер Сити» кездесуі «қорқынышты» алаңда өтеді
Тұманды Альбионның мақтанышына айналған «Уэмбли» стадионы алаңының бүгінгі жайы адам шошырлық хәлде. Күні кеше бұл жерде америкалық футболдың кезекті турында «Джексонвилль Джагуарс» пен «Филадельфией Иглс» өзара мықтыны анықтады. Стадионның жан жақты әрі көпфункционалды болғаны әрине оңды. Бірақ, матч өткен соң қайта қалпына келтірілуі керек қой?
Жоқ, бұл жолы «мен-мен» деген агроном мамандардың өзі жасыл алаңды «жөндей» алмай жатқан көрінеді. Бүгін Астана уақытымен түнгі 02:00-де Ағылшын премьер лигасының 10 туры аясында орталық матч өтеді. Лондондық клуб өткен жылдың чемпиондарын қабылдайды.
Жағдайы жайлы болмағасын «Тоттенхэм» — «Манчестер Сити» кездесуі тартысқа толы болады деп айту қиын.