«Нағыз еркек»: Қайрат Нұртастың Алматыдағы концерті дүркіреп өтті (фото, видео)

0

Қайрат Нұртас 9 желтоқсан күні Алматыдағы «Республика» сарайында өзінің «Нағыз еркек» деп аталатын концертін өткізді. Үш мың орындық концерт залын толтырған хитменнің көрермендері екі сағат бойы әншінің жанды дауыстағы әнімен сусындап қайтты деп хабарлайды NUR.KZ.

 
 

Әншінің бұл кешіне отандық шоу-бизнес өкілдерінен көп адам қатыспады .

Хитменнің әріптестерінен тек Серікбол Сайлаубек, Айдана Меденова және «Alar» тобы ғана өнер көрсетті.

Қайрат Нұртас дуэт ретінде шыққан әндерін фонограммамен, ал жалғыз орындалған әндерінің барлығын жанды дауысты айтып шықты.

Сондай-ақ, Қайрат Нұртастың «Нағыз еркек» атты кешінде отбасындағы ер адамдар ғана өнер көрсетті.

Қайраттың әкесі сахнада ұлына: «Менің шешем сенің шешең сияқты тірі болғанда, сені жыртатын едім», — деп әзілдеді. Көпшілікті ду күлдірген бұл әзілден соң Нұртас Айдарбеков концертке жиналғандарға екі ән орындап берді.

Сонымен қатар, Қайрат інісі Заңғар ағасымен қосылып «Сердце мое бум» және » My Universe»әндерін шырқады.

Ал Қайрат Нұртастың үлкен ұлы Нарұл ән айтып, кенжесі Хан билеп берді.

Айта кететіні, Қайрат Нұртас бұл жолғы концертіне бір күн дайындалған.