Жарнамадағы қателер енді қатаң бақылауда болады
Қазақстанда қазақ тілінің мерейін үстем етіп оның қолданыс аясын кеңейту мақсатында Қазақстан бойынша жарнамада қазақ тілінде жазылған мәтіндерде грамматикалық қате кетпеуін қадағалау қолға алынды. Ең бірінші болып Елордамыз Астана қаласында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Өкінішке қарай, жарнамадағы мемлекеттік тілде жазылған мәтіндердегі грамматикалық, стилистикалық қателерді жиі байқаймыз. Өрескел қателерді жіберген компанияға ешқандай жазалау шаралары жүргізілмейді.
Маркетологтардың айтуынша, кейбір компаниялар жарнамада әдейі қате жіберіп, оның айналасындағы шудың арқасында компания атын шығарады деседі. Енді қазақ тіліндегі мәтіндерде жіберілетін өрескел қателер қатаң бақылауды болады.
Қазақстан бойынша акция бастау алды. Акция аясында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңында көрсетілген нормалардың сақталуы қатаң бақыланады. Ол үшін кәсіпкерлер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онда тіл туралы заң мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 қаулысының 7-тармағында көрсетілген «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы» әдістемелік түсіндіру жұмыстары мен оған қатысты туындаған сауалдарға жауап беріледі.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-ші бабына сәйкес бланкі, жарнама, хабарландырулар, маңдайшалар, прейскуранттар және т.б ақпарат мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде жазылады. Қажет болған жағдай да шет тілдерінде шығады.
Көрнекі мәліметтің барлығы дерлік берілу ережесіне тоқталайық, яғни мәтін ең алдымен қазақ тілінде жазылады да, мәтін жарнаманың сол жақ немесе жоғары тұсына орналастырылады. Ал орыс тіліндегі мәтін төменгі жаққа немесе жарнаманың төменгі тұсына орналастырылады. Әріптер бірдей көлемде беріледі. Әріптердің өлшемі берілген талапқа сай болуы тиіс.
Акцияны ұйымдастырушылар Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарын қаладағы жарнамаларда кеткен қателерді байқаған жағдайда немқұрайлық танытпай, қатені түзеуді талап етіп, жарманы берген компанияға хабарласуды сұрайды. Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңына сәйкес талаптарды орындалуын талап етуге шақырады. Қатені байқаған жағдайда оны фотоға түсіріп Тіл басқармасының Facebook әлеуметтік желісіне жіберуге болады немесе 8 (7172) 55 67 29, 55 67 02, 8 778 52 37 907 нөмірлеріне хабарласыңыздар.