Қытай соңғы он жылда әлем елдерінен 6,5 млн гектар жер жалға алған

0

Қытайдың соңғы он жылда (2011-2020 жылдары) әлем елдерінде ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және шикізат өңдеу мен тау-кен салаларында сатып немесе жалға алған жердің жалпы көлемі 6 млн 480 мың гектарға жетіпті.

Салыстырмалы түрде алсақ, осы жылдары екінші орындағы Англия жалға алған жердің жалпы көлемі 1 млн 560 мың гектар, АҚШ — 860 мың гектар, ал Жапония — 420 мың гектар екен. Дамыған елдердің бәрі қосылып бір Қытайдан әлдеқайда қалып қойып отыр.

Қытайдың бұнысынан секем алған Жапон үкіметі өткен айда қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды жерді шетелдіктерге сатуға шектеу қоятын жаңа заң қабылдады.

Статистикаға сәйкес, бүгінгі таңда Жапонияда ауылшаруашылық саласында 46 гектар, ал орман шаруашылығы саласында 7560 гектар жер шетелдіктердің иелігінде болса, жапондық мемлекеттік қауіпсіздік органдарының айтуынша, егесі жапон болғанымен, оның артында шетелдік азаматтың тұруы әбден мүмкін жерлер де жоқ емес көрінеді.

«Шетелдіктердің» негізінен қай елдің азаматтары екені айтпай-ақ белгілі…

Батырхан Құрмансеит, Facebook парақшасынан