Лукашенконың валютаны тәркілеу туралы жарлығы күшіне енді

0

АҚШ билігі Беларусьте мұнай өңдеу саласына әсер ететін санкцияларды маусымнан кейінге шегермейтіні белгілі болғаннан кейін, республика басшысы Александр Лукашенко валютаны тәркілеу туралы жарлық шығарды, деп хабарлайды Лента.ру.

9 шілдеде Беларусь президентінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі Ұлттық банкке экономикалық қауіпсіздікке қауіп төнген жағдайда валютаны тәркілеуге және түрлі валюталық шектеулер енгізуге мүмкіндік беретін жарлығы күшіне енді.

Енді реттеуші валюта сатып алуға толығымен тыйым сала алады, сонымен қатар айырбастау операцияларының саны мен мерзімдерінің шекараларын анықтап, оларды авторизациялау тәртібін енгізе алады.

Тәркілеу заңды тұлғалардың есепшоттарындағы ресми валюта бағамы бойынша Беларусьтің ұлттық валютасына валютаны мәжбүрлеп айырбастау деген желеумен жүзеге асырылатыны атап өтілген. Беларусь Ұлттық Банкі бөлек шетел валютасын міндетті түрде сатуды талап ете алады және ел резиденттері үшін шетелдік банктерде шот ашуды шектеуі мүмкін.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты