Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды
Сенбі күні Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет»баспасөз қызметі.
«Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м / с, екпіні секундына 23-28 метр. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда найзағай күтіледі», — делінген жұма күнгі хабарламада.
Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Қарағандыда найзағай, дауыл, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні секундына 18 метр. Жезқазғанда найзағай күтіледі.
«Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Батыс, солтүстік-батыстан кей жерлерде шаңды дауылмен секундына 15-20 метр жел соғады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылордада найзағай ойнайды. Күндіз батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр, шаңды дауыл күтіледі», — деп атап өтті синоптиктер.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел 15-20 м / с жылдамдықпен соғады, екпіні секундына 25 метр.
Атырау облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен секундына 15-20 метр жел тұрады. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Көп жағдайда төтенше өрт қаупі күтіледі. Атырауда қатты ыстық +36.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз +35 қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі күтіледі.