«Аллам, өзінде бәрі бар Елбасыма қанағат бере көр»: Жазушы Назарбаевқа тілек айтты
Ауылдан келген бір жігіт кафеге кірген ғой. Афсаңка қыз менюді алдына қоя салыпты да:
— Что вы жилаете?-деп сұрапты. Сонда әгі жігіт:
— Я жилаяю вам счястья, блогополучия депті дейді.
Бес уақыт намазын қаза қылмаса да, меккеге неше мәрте барса да, Әбсаттар қажы Дербісәлінің аузы дуасыз болды ма деймін. Әлде Алладан шын сұрамады ма екен. Әйтеуір екі сөзінің бірінде патшамызға тауфих, ғидаят бер деуші еді…
Қарапайым пенде ретінде бізден де бір тілек болсын, иә, Аллам, өзінде бәрі бар Елбасыма қанағат бер. Ұзақ ғұмыр бер. Президентке тапсырма бермей, жәй ғана ақыл айтып отыратын ақсақалдық бере көр…
Бейбіт Сарыбай, жазушы