Тоқаев мырза, халық алдындағы тікелей міндетіңізді ұмытқаныңыз қалай?

0

Жөнсіздікті де жөнімен істеу керек шығар. Қ.Тоқаев мырза! Елді қымбатшылық қысып, елді жұт жайлап мал қырылуда. Қарапайым ғана қазақтың баласы қарлығаштың қанатымен су сепкендей боп, шөп шауып, қуаңшылық жайлаған жерлерге жіберіп, шөп орнына қағаз шайнаған малдардың обалын ойлауда.

Желіде шырылдап елді екпеге мәжбүрлеуге қарсы шыққан Айна атты дәрігер, халықтың денсаулығына алаңдауда. Сіз болсаңыз тірі адамға ескерткіш ашып жүргеніңіз қалай? Конституцияда көзделген халық алдындағы тікелей міндетіңізді ұмытқаныңыз қалай? Халықтың қазіргі қалауы шыбын жаны мен малынан, жерінен, бостандығынан айырлмау ғана болып отыр. Басқа байлық босада өз айналаңыздағылардың жұмырына кеткелі қашан. Халықтың қан қақсап отырғанын көре тұрып, көрмегендей, үн шығарып бой көрсеткенін жоқ еткендегі мақсаттарыңыз не? Халықсыз сіздер кімсіздер?

Желіде жетпістен асқан Жасарал Қуанышалин ағамызды жұлқылап көлікк тыққан озбырларды көре тұрып көрмеуіңіз қалай? Мұның бәрі өзіңізді халық сайламағандықтан жасап жатқан қырыңыз ба еді? Құдайдан қорқып, адамнан ұялатын кез жетті ғой. Ашынған халықтың қанды қырғын жасағанын күтіп отырсыз ба?

Бейбітшілік ойлаған басшының жасайтын ісі ме бұл? Аузы қисық болса да бай баласы сөйлесін деп, аусарбай байлар мен оның ұрпағына елге білгенін істетіп, онымен қоймай жемқорлардың жемқорлығы қылмыс емес, жәй қателік деп қорғаштап қойғаныңыз өз алдына. Қанша жерден байлыққа еге болса да алла алдына бір ғана ақтықпен баратындарын білмейтін мәңгүрттерге, Жә, жетті, деп айтатын кезіңіз бола ма?

Нұрбибі Абдолла