Байқаусызда көлік ішінде қалып қойған үш жасар бала ыстықтан көз жұмды

0

Отбасы баланы асырап алған. Баланың қамқоршысы оны қателесіп көлікте тастап кеткенін айтады.

Әйел таңертең 3 жасар бүлдіршінді балаларымен бірге балабақшаға апарғанына сенімді болған. Оның ғимаратқа кірмей қалғанын байқамаған. Әйел баланы жол талғамайтын көліктің артқы орындығынан тапқан бойда, бірден 911 нөміріне қоңырау шалды.

Алдын ала жасалған сараптама бойынша, бала ыстықтан қаза болды. Спартанбургтегі күндізгі температура Фаренгейт бойынша 92 градусқа жетті (Цельсий бойынша шамамен 33,3 градус). Жергілікті билік баланың биологиялық анасымен байланысуға тырысуда. Полиция тергеу жалғасып жатқанын атап өтті, бірақ баланың өлімі кездейсоқ болғаны анық.

Kids and Car Safety («Балалар және автомобиль қауіпсіздігі») ұйымының деректері бойынша 2020 жылы автомобильдерде ыстықтан 25 бала, 2019 жылы — 53 бала, ал 2018 жылы — 54 бала қаза тапқан.