3-5 шілде ауа райы: 45 градусқа дейін ыстық болады

0

Қазақстанда алдағы үш күнде аптап ыстық сақталады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 3-5 шілде аралығында сынап бағанасы 45 градусқа дейін көтеріледі.

«Солтүстікте, солтүстік-батыс пен орталықта түнде +15+23℃, күндіз плюс +35+40℃. Шығыста түнде 12+20℃-тан +17+25°С-қа дейін жетеді. Күндіз +27+35℃, кей жерлерде 30+38°С ыстық болады», — деп хабарлады синоптиктер.

Құтқарушылар Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, сондай-ақ Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігі мен Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының кейбір аудандарында өрт қаупі жоғары екенін ескертеді.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен, қысқа мерзімді жаңбыр жауады.